Меню

Страницы

Статья

Жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер сапасын операциялық бағалау бағыты бойынша ақпарат

Жаңасемей ауданы бойынша Мемлекеттік қызметтің 34 түрі көрсетіледі. Олардың ішінде:

Жер қатынастары бөлімі – 5 қызмет, оның ішінде ауылдық округтер мен кенттер – 2;

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі – 4;

Қаржы және экономика бөлімі –1;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі – 8;

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 13;

Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі – 1;

Жаңасемей ауданы әкімдігінің аппараты – 6.

 

Жаңасемей ауданы бойынша, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, 1360 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 317 мемлекеттік қызметке негізделген бас тартулар берілді.

2025 жылғы 3-тоқсан қорытындысы бойынша, көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 1199 (оның ішінде, МО арқылы көрсетілген қызметтер – 141, ХҚКО арқылы көрсетілген қызметтер – 19, электронды түрде көрсетілген қызметтер - 1039). Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту – 276.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 12) тармағына,  27-1-бабының 4) тармағына және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының 38-тармағына сәйкес, Жаңасемей ауданы әкімінің аппаратының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 3 бұйрығы, бақылау іс-шараларының жоспары негізінде сәуір айында (2 тоқсан) «Жаңасемей ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шаралары өткізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес, сондай-ақ Жаңасемей ауданының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жүргізу жөніндегі 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарының негізінде, Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты басшысының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 3 бұйрығымен бекітілген, Жаңасемей ауданы әкімінің аппараты басшысының 2024 жылғы 3 желтоқсандағы № 15 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша бақылау іс-шарасын тағайындау туралы» бұйрығына сәйкес, қыркүйек айында (3 тоқсанда), «Абай облысы Жаңасемей ауданы Новобаженово ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау іс-шаралары жүргізілді.

Және де, қараша айында (4 тоқсанда) «Абай облысы Жаңасемей ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау іс-шаралары өткізілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қанағаттанарлық жағдайда деген қорытынды жасауға болады.

Дата публикации
12 ноября 2025
Дата обновления
12 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы