Меню

Страницы

Статья

Жаңасемей ауданының жер ресурстары

Абай облысының Жаңасемей ауданының шекарасы жалпы ауданы 2 754 401,0 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 1 135 490,8 гектар. Оның ішінде: Жайылымдық 1107982,2 гектар, егістік 15236,5 гектар, тыңайған жер 6111,9 гектар, шабындық 6160,2 гектарды құрайды. Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің басым бөлігі шаруашылық құрылымдарының иелігінде.

Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару:

Облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан Жаңасемей ауданына 20 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін қайтаруға жоспар қойылған. Аудан бойынша пайдаланылмай немесе жер заңнамаларын бұзып пайдаланып отырған жер иеленушілерінен бүгінгі күнге дейін 14 мың 27 гектар жер телімі қайтарылып алынды. Жоспар тапсырма 70 пайызға орындалды. Жоспар тапсырма жыл соңына дейін 100 пайыз орындалтын болады.

Пайдаланылмай немесе жер заңнамаларын бұзып пайдаланып отырған жер иеленушілер барлығы 43,7 мың гектар (37 жер пайдаланушыға), зерттеу акт толтырып жолданды. Бүгінгі күнде 12 жер иеленушінің, 19500 гектар болатын жер теліміне тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мәселе бойынша Абай облыстық жер ресурстарын басқару департаменті айналысуда.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экономикалық айналымға тарту бойынша:

Ауданда жер телімдерін сұрап жүрген жер иеленушілері жеткілікті. Атап айтқанда е өтініш базасы арқылы 8 өтініш түссе, жер қатынастары бөліміне 2025 жылдың осы уақытқа дейін 36 азамат жүгінген. Жер телімдерін конкурстық негізде беру үшін 46 жерге орналастыру жобасы дайын. Оның ішінде көлемі 1000 гектарға дейінгі 21 жер телімі, жалпы ауданы 13519 гектар. Көлемі 1000 гектардан жоғары 25 жер телімі, жалпы ауданы 42 205,6 гектар. Барлығы 55724,6 гектар жер телімдері ауданның жайылымдақ жоспары дайындалғаннан соң ғана конкурстық негізде берілетін болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 9 айлық есеп

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына» сәйкес көрсетіледі.

2025 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде Абай облысы Жаңасемей ауданының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік қызметі бойынша ГБД «E- лицензирование» веб-порталы арқылы 258 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға – 145, заңды тұлғаларға – 71, сондай-ақ 23 өтінім қызмет алушылардың өздерімен  кері қайтарылды; бас тартулар саны – 19 (оның ішінде жеке тұлғаларға – 15, заңды тұлғаларға – 4). Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден толық емес құжаттар топтамасын ұсыну және мәліметтерді қате көрсету себептері бойынша бас тартылған болатын,

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі (1-кезең) бойынша - 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде 266 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметі (2-кезең) бойынша - 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде 126 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша - 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейінгі кезеңде 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардан 30 қыркүйекке дейін 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

 

 

Дата публикации
12 ноября 2025
Дата обновления
18 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы