Меню

Страницы

Статья

Жанасемей ауданы бойынша жүзеге асырылып жатқан жеке инвестициялық жобалар

ТОО «Евразия Агро Семей» ЖШС – Чакаман ауылында ет және ет өнімдерін терең өңдеу кешенінің құрылысы.
Жоба аясында тәулігіне 70 ірі қара және 700 ұсақ мал сою желілері бар ет өңдеу кешенін, сондай-ақ тәулігіне 3 тонна өнім өндіретін шұжық цехын және 5 тонна өнім шығаратын дайын өнім цехын салу жоспарланған.
Жобаның жалпы құны – 7,2 млрд теңге.
Жоба аяқталған соң 250 жұмыс орны ашылып, орташа жалақы 150 000 теңге болады.
Бүгінгі күні 643 млн теңге игерілді, құрылыс алаңында 40 жұмысшы және 10–12 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.
Пайдалануға беру мерзімі – 2026 жылғы тамыз айы.
«Евразия Агро Семей» ЖШС 2025 жылғы 4 сәуірде Жанасемей ауданы, Достық ауылдық округі, Чакаман ауылында тіркелген.
Объект іске қосылғаннан кейін ай сайын 4 млн теңге көлемінде жеке табыс және әлеуметтік салық түсуі жоспарлануда.

ТОО «EMA LTD» ЖШС – Шаған кентінде асыл тұқымды гибридтік орталығы бар ет өндіру кешенінің құрылысы.
Жылдық қуаты – 8 600 тонна ет, бір уақытта 32 000 бас мал бордақыланады.
Жоба аяқталған соң 250 жұмыс орны, орташа жалақы 150 000 теңге.
Жалпы инвестиция көлемі – 41 млрд теңге.
Жүзеге асыру мерзімі – 2025–2026 жылдар.
Жоба ұлттық инвестициялық жобалар тізбесіне енгізілген.
Алайда Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалы Шаған кентін жылжымайтын мүлік кадастрына енгізбегендіктен (Жанасемей және Бесқарағай аудандарының шекаралары нақтыланбаған), жоба 2026 жылы іске асырылады.
Компания Астана қаласында тіркелген. Жер телімдері толық рәсімделгеннен кейін ғана тіркелуді жоспарлап отыр.
Іске қосылған соң ай сайын 4 млн теңге көлемінде жеке табыс және әлеуметтік салық түсуі күтіледі.

ТОО «Жасару Семей» ЖШС – Озерки ауылында ағаш өңдеу зауытының құрылысы.
Жылдық қуаты –20 мың тонна пеллет.
Жобаның жалпы құны – 13,7 млрд теңге.
Қазіргі уақытта инвесторлар іздестірілуде. Инвестор табылған жағдайда жоба іске асырылады.
Қазір 822 метр ұзындықта қоршау орнатылған.
Компания Семей қаласында тіркелген.
Жобамен 300 жұмыс орны, орташа жалақы 150 000 теңге көзделген.
Жүзеге асыру мерзімі – 2026 жыл.

ТОО «Агрофирма Приречное» ЖШС – Приречное ауылында бордақылау алаңының құрылысы.
Жалпы инвестиция көлемі – 1,9 млрд теңге.
Жылдық қуаты – 5 мың тонна ет, бір уақытта 5000 бас мал бордақыланады.
10 жұмыс орны, орташа жалақы 100 000 теңге.
Жүзеге асыру мерзімі – 2026 жыл.
Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама мен қаржыландыру күтілуде.

ТОО «Nordgold EK» ЖШС – Приречное ауылындағы Мұқыр кен орнында алтын өндіру фабрикасының құрылысы.
Жалпы инвестиция – 3,5 млрд теңге.
Жылдық қуаты – 21 мың тонна алтын.
200 жұмыс орны, орташа жалақы 150 000 теңге.
Жүзеге асыру мерзімі – 2026–2027 жылдар.
Компания Семей қаласында тіркелген. Жер рәсімделген, құрылысқа рұқсат алынған. Қазан 2025 жылдан бастап іргетас құю жұмыстары басталды.
Іске қосылған соң ай сайын 4 млн теңге салық түсімі жоспарлануда.

ТОО «Abay Poultry» ЖШС – Мұқыр ауылында жоғары технологиялы құс фабрикасының құрылысы.
Инвестиция көлемі – 9,2 млрд теңге.
Жылдық қуаты – 20 мың тонна құс еті.
120 жұмыс орны, орташа жалақы 150 000 теңге.
Жүзеге асыру мерзімі – 2026–2027 жылдар.
Компания Астана қаласында тіркелген, жер телімі алынған, құжаттар рәсімделу үстінде. Құрылыс 2026 жылы басталады.

ТОО «Buhktarma Energy» ЖШС – Көкентау ауылында жел электр станциясының құрылысы.
Жылдық қуаты – 140 кВт.
15 жұмыс орны, орташа жалақы 150 000 теңге.
Инвестиция көлемі – 30 млрд теңге.
Жүзеге асыру мерзімі – 2026–2027 жылдар.
Компания ШҚО, Зырян ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде тіркелген. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

ТОО «Самрук-Энерго» АҚ – Шүлбі кентінде су электр станциясының құрылысы.
Жылдық қуаты – 1300 МВт.
5 жұмыс орны, орташа жалақы 200 000 теңге.
Инвестиция көлемі – 2,7 млрд теңге.
Жүзеге асыру мерзімі – 2028–2029 жылдар.
Компания Астана қаласында тіркелген.

ТОО «Фик-Алел» АҚ – Көкентау ауылында орталық сынақ зертханасының құрылысы.
Қазіргі уақытта жоба 70% орындалған.
Жылдық қуаты – 900 мың сынақ.
Инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге.
56 жұмыс орны, орташа жалақы 200 000 теңге.
Жүзеге асыру мерзімі – 2026 жылдың I тоқсаны.

Барлығы – 9 жеке инвестициялық жоба.
Олардың ішінде 7 жоба ұлттық пулға, 2 жоба өңірлік пулға енгізілген.

Салалар бойынша:

АӨК – 4 жоба (оның 3-і ұлттық пулда, 1-і өңірлік пулда);

Тау-кен металлургия кешені – 2 жоба;

Ағаш өңдеу өнеркәсібі – 2 жоба.

2026 жылы іске асырылатын жобалар саны – 4 жоба.

Дата публикации
06 ноября 2025
Дата обновления
06 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы