Меню

Страницы

Статья

Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды.

2025 жылғы 31 шілдеде Жаңасемей ауданының аудан активінің кеңесі өтті, онда Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Дәулет Әсембаев сайланған әкім Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімовке куәлік табыс етті.

 Жаңасемей ауданы тұрғындарының тікелей сайлауы нәтижесінде әкім лауазымына сайланған Нұржан Оразбекұлы Әбдікәрімов 2025 жылғы 31 шілдеден бастап өз міндеттерін ресми түрде атқара бастайды.

Нұржан Әбдікәрімов 1971 жылы 9 мамырда Үржар ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген.

     Үржар ауданының білім беру мекемелерінде 17 жылдан астам жұмыс істеді, шамамен 18 жыл жергілікті атқарушы органдарда, ауылдық округтер әкімі аппараттарында басшы, Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының ауылдық округтерінде әкім болды. 2024 жылы Семей қаласы "Amanat "партиясы" ҚБ облыстық филиалының атқарушы хатшысы болды. 2025 жылдың мамыр айынан бастап сайлау сәтіне дейін Жаңасемей ауданы әкімінің кеңесшісі болды.

Абай облысының "АMANAT" партиясы ұсынған.

Дата публикации
31 июля 2025
Дата обновления
31 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы