2025 жылдың 27 шілдеде өтетін Жаңасемей ауданының әкімін сайлау жөніндегі сайлау науқаны шеңберінде, ағымдағы жылдың 01 шілдесінде сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлау алдындағы үгіт 01 шілдеде сағат 18.00-де басталып, 26 шілдеде сағат 00.00-де аяқталады.
Кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін келесі үй-жайлар бөлінді:
- Алғабас ауылдық клубы, Алғабас ауылы, Быхина көшесі 2 Б.
- Мәдениет үйі, Қайнар ауылы, Қайнар көшесі 25/1.
- Абыралы негізгі орта мектебі , Абыралы ауылы, Абыралы көшесі 30.
- Ақбұлақ ауылдық клубы, Ақбұлақ ауылы, Ақбұлақ көшесі 90.
- Ақбұлақ ЖОББМ филиалы, Айнабұлақ ауылы, Айнабұлақ көшесі 17925.
- Көкентау ауылдық клубы, Көкентау ауылы, Майтханова көшесі 29.
- Әкімшілік ғимарат, Шаған кенті, Абай көшесі 9.
- Бөкенші ауылы, Жиенәлі ауылдық клубы, Уәлиханов көшесі 24.
- Достық ауылдық клубы, Шақаман ауылы, Центральная көшесі 56.
- Ертіс ауылдық клубы, Мұқыр ауылы, Центральная көшесі 2.
- Озерки ауылдық клубы, Озерки ауылы, Комсомольская көшесі 29 А.
- Жаңасемей ауданының Мәдениет үйі, Приречное ауылы, Гагарина көшесі 1.
- Ибраев атындағы ЖОББМ акт залы, Новобаженова ауылы, Мира көшесі 35.
- Шүлбі кенті кітапханасы, Шүлбі кенті, 1 ықшамаудан 14.
- Шүлбі ЖОББ эстетикалық білім тәрбие беру мектеп-кешені, Шүлбі кенті, 2 ықшамаудан 16.
Сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.