Жаңасемей ауданы бойынша шаруа қожалықтарының жалпы саны – 505, оның ішінде 454 мал шаруашылығымен, 51 өсімдік шаруашылығымен айналысады.
Аудандағы ірі ауыл шаруашылығы құрылымдары: «Агрофирма Приречное» ЖШС, «Қайнар-Агро» ШҚ, «Серімхан, «Гүлрайхан», «Мади-Р», «Алтай», «Қайыңды» , «Мендеке», «Киікті» ШҚ.
2025 жылға берілген жоспар-тапсырма 32 829,4 млн теңге. Қаңтар-мамыр айындағы ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемі 9 597,7 млн. теңге НКИ 103,1 %, қаңтар-маусым күтілетін көлемі 10 057,0 млн.теңге НКИ 103,3 %.
2025 жылдың 1 мамырына: ет – 7 321,9 тонна НКИ 100,4% , сүт 8 032,8 тонна НКИ 100,9 % , жұмыртқа 2 798,3 мың дана НКИ 151,6%.
2025 жылдың 1 мамырына мал басы: ірі қара мал – 85 974 бас НКИ 108,4 %, қой мен ешкі – 118,662 бас НКИ 97,7 %, шошқа – 68 бас НКИ 77,3 %, жылқы 89 674 бас НКИ 113,6 %, құс 549 666 бас НКИ 97,6 %.
2025 жылы ауыл шаруашылығы саласына салынатын инвестиция көлемінің жоспар-тапсырмасы 2055,4 млн теңге. Қаңтар-мамыр айындағы ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі 151,2 млн. теңге, қаңтар-маусым күтілетін көлемі 715,0 млн.теңге.
2025 жылғы егіс алқабының құрылымы 13 800 га құрады. Осы алқапқа 191 га дәнді дақылдар (арпа 41 га, дәндік жүгері 150 га), 1264,4 га картоп, 381,9 га көкөніс және бақша, 6593 га майлы (күнбағыс) және 1635 га мал азықтық дақылдар (бір жылдық 426 га, көп жылдық шөптер 822 га, сүрлемдік жүгері 387 га, 3735 га өткен жылғы көп жылғы шөп) егілді.
Көктемгі егіс жұмыстарына қажетті техникалар, сапалы тұқым, минералдық тыңайтқыштар, жанар-жағар май және адам күшімен қамтамасыз етілді.
Барлық агротехникалық шаралар қамтамасыз етіліп, көктемгі дала жұмыстары уақытында аяқталды. (15 сәуір - 15 маусым).
Аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына «Кең дала 2» бағдарламасымен 493 млн. теңге несие алынса, «Агробизнес» бағадарламасымен 193,6 млн. теңгеге шаруашылықтар ауыл шаруашылығы техникалары мен қондырғыларын алды.
2025 жылға Жаңасемей ауданы бойынша саяқ шегірткеге қарсы жұмыстарына 5400 га жер химиялық өңделді.