Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Заңының 113-5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне кандидаттарды тіркеу сайлау жарнасы енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Саяси партия ұсынған кандидатты қоспағанда, Кандидат өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына сайлау жарнасын енгізеді:
- аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне кандидаттар үшін-тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде;
Кандидатты ұсынған саяси партия өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына ұсынылған әрбір кандидат үшін сайлау жарнасын енгізеді:
- аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдеріне кандидаттар үшін-тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бес еселенген мөлшерінде;
Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат әкім болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде бес пайызын, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа немесе саяси партияға қайтарылады. Барлық басқа жағдайларда енгізілген жарна қайтаруға жатпайды және жергілікті бюджеттің кірісіне айналдырылады.
Сайлау жарнасын енгізуге арналған деректемелер:
«Абай облысы Жаңасемей ауданының әкім аппараты» ММ
Семей қ.
БСН 240240029446
ИИК KZ43070503122E512002
БИК KKMFKZ2A
ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті РММ
Кбе 11
СТК-171