Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Абай облысы Жаңасемей ауданы әкіміне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
(2025 жылғы 27 шілдедегі сайлау)
Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 27 маусымнан кешіктірмей Абай облысы Жаңасемей ауданы әкіміне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: tic_abay_obl@saylau.kz, мекенжайы: Семей қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 86 ,каб 5) және Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: tic_abay_zhs@saylau.kz, мекенжайы: Семей қаласы, Селевина көшесі 12Б, каб.105) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Абай облыстық сайлау комиссиясына және Жаңасемей аудандық аумақтық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.