Алғабас және Достық ауылдық округтері, Шүлбі кентінің әкімдерінің сайлауы нәтижесі және сайланған әкімдерді туралы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылдың 18 мамырында Жаңасемей ауданы Алғабас және Достық ауылдық округтері, Шүлбі кентінің әкімдерінің сайлауы өтті.
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңасемей ауданы Алғабас және Достық ауылдық округтері, Шүлбі кентінің әкімдерінің сайлауы нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Алғабас сайлау округі
Алғабас ауылдық округі әкімінің сайлауы
Алғабас сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 401 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 327 дауыс берді.
Алғабас ауылдық округінің әкімі болып Кусаинов Төлеген Теміржанұлы сайланды, 1974 жылы туған, «Абай облысы Алғабас ауылдық округі әкімі аппараты» ММ әкімі, Абай облысы, Алғабас ауылдық округі, Алғабас ауылы тұрғыны өзін-өзі ұсынған.
Жаңасемей ауданының сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 19 мамырда шешімімен Жаңасемей ауданы Алғабас ауылдық округі әкімі болып сайланған – Кусаинов Төлеген Теміржанұлы тіркелді.
Достық сайлау округі
Достық ауылдық округі әкімінің сайлауы
Достық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 801 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 617 дауыс берді.
Достық ауылдық округінің әкімі болып Айдарбаев Данияр Айтбекұлы сайланды, 1986 жылы туған, «Абай облысы Жаңасемей ауданының Достық ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы, Абай облысы, Жаңасемей ауадны, Шақаман ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Жаңасемей аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 19 мамырда шешімімен Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округі әкімі болып сайланған – Айдарбаев Данияр Айтбекұлы тіркелді.
Шүлбі сайлау округі
Шүлбі кентінің әкімінің сайлауы
Шүлбі кентінің бойынша сайлаушылар тізіміне 1913 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 1468 дауыс берді.
Шүлбі кентінің әкімі болып Джумадилов Болатбек Ермухаметович сайланды, 1983 жылы туған, «Абай облысы Жаңасемей ауданының Шүлбі кентінің әкімі аппараты» ММ бас маманы, Абай облысы, Жаңасемей ауадны, Шүлбі кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Жаңасемей аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 19 мамырда шешімімен Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінің әкімі болып сайланған – Джумадилов Болатбек Ермухаметович.