Наурыз айының соңғы 5 куні мен сәуір айынының бірінші 5 куніңде жалпы облыс бойынша және аудан аралығында әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштері 4 рет өзгертілді.
I тоқсан қорытындысы бойынша
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі жоспар тапсырма - 42084,6 млн.теңге 2024 жылдың қаңтар –наурыз айларында бұл көрсеткіш Семей қаласы мен бірге болсада нақты көлем индексі есептелген 101,9 %. Стат басқармасына тапсырған есеп бойынша өткені-45711,8 млн.теңге.
Өңдеу өнеркәсібі бойынша көлемі жоспар тапсырма -28011,0млн.теңге өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште қаламен бірге болғандықтан нақты көлем индексі жоқ.Статтық есеп бойынша тапсырылғаны 36434,7 млн.тенге.
Тау кең өнеркәсібі бойынша бұрын жоспар тапсырма болмайтын ,биыл жоспар тапсырма берілді,1-тоқсанға жоспар тапсырма 14073,6 млн.тенге. Статтық есеп бойынша тапсырылғаны 7740,6 млн.тенге.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі жоспар тапсырма -3289,7 млн.теңге , өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште қаламен бірге болғандықтан нақты көлем индексі болмау керек,Статтық есеп бойынша тапсырылғаны 4649,2 млн.тенге,бірак нақты көлем индексі 95,6%,
Негізгі капиталға салынған инвестициялар жоспар тапсырма-450,0 млн теңге, бұл көрсеткіш бойынша 2024 жылдың сәйкес кезеңінде есептері Семей қаласымен бірге болғандықтан нақты көлем индексі шығарылмаған. Статтық есеп бойынша тапсырылғаны 3058,9 млн.тенге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі жоспар тапсырма - 150,0 млн.теңге, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште қаламен бірге болғандықтан нақты көлем индексі жоқ.Статтық есеп бойынша тапсырылғаны 260,7 млн.тенге.
Ауданда қаңтар-наурыз айларында жоспар тапсырма бойынша 600 шаршы метр тұрғын үй айналымға енгізілу керек болған,енгізілгені-49 шаршы метр. Статқа есепті дурыс өткізбегендіктен 551 ш.метрге орындалмай қалды.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі жоспар тапсырма -1100,0 млн.тенге өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіште қаламен бірге болғандықтан нақты көлем индексі жоқ.Статтық есеп бойынша Жаңасемей ауданы жоқ,өткен айдағы өткізілген 1328,0 млн теңгеде есепке алынбаған.
Көтерме сауда көлемі Жаңасемей ауданы бойынша көтерме сауда бойынша респондеттер жоқ.
Шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің біздің аудан бойынша тіркелген 371 кәсіпкер,оның ішінде жұмыс істеп тұрғаны 151 ғана.Статистика бойынша есеп тапсырғаны 151кәсіпкер.
Өзіндік кіріс көздерінің тусуі 126% орындалды,немесе жоспарланған 364,2 млн.теңгенің орнына 459,5 млн.теңге тусті,немесе 91,7 млн теңгеге артық.
I тоқсан қорытындысы бойынша қаржының игерілуі өте нашар,бұл бағдарлама әкімшілерінің өз жұмыстарына немқұрайлы қарауынан деп есептеледі,соның салдарынан 51,8млн.тенге игерілмей қалды немесе бюджетте жоспарланған 737,8 млн .тенгенің 686,0 млн.теңгесі игеріліп 93,0% құрады.Қаражаттың игерілмеу себебі трансферттердің туспей қалуы себебінен.