Жаңасемей ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 32 қаулысына сәйкес және ауа температурасының төмендеуіне байланысты 2024 жылғы 1 қазаннан бастап аудан аумағында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы басталған болатын.
Жылыту кезеңінде мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандардың қатты отынға жалпы қажеттілігі – 7 025 тоннаны құрады.
Аудан халқының қатты отынға деген жалпы қажеттілігі 24 мың тоннаға жетті. Қатты отын бағасы көмір кесіндісі қашықтығына байланысты 18 000 – 25 000 теңгені құрады. (Қаражыра көмір кесіндісінің алып кету пунктінде көмір бағасы тоннасына 10 мың теңге).
Тұрғын үй қоры, әлеуметтік сала және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жылумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылды.
Алайда жылыту маусымы барысында жылу берудің тұрақтылығына әсер етпейтін проблемалар тіркелді. Аудан аумағында орталықтандырылған жылумен жабдықтау Шүлбі кентінде бар, оны «Теплокоммунэнерго» МКК теңгеріміндегі екі қазандық – РК-2 және «Психбольница» қамтамасыз етеді.
Мәселен, 2024 жылғы желтоқсан айында Шүлбі кентінің РК-2 қазандығында ғимараттың тозуына байланысты шатырының бір бөлігі құлаған болатын. Сондай-ақ кентте маңызды рөл атқаратын № 2 жылу беруді бөлетін пункт апатты жағдайда, атап айтқанда, қабырғасындағы кірпіштер шашылып шатырдан аққан жауын суы қабырғаға кіруде.
Кенттегі жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы – 10,7 шақырымды құрайды. Оның ішінде магистральдық желілер – 5,1 шақырым, ішкі желілер – 5,6 шақырымды құрайды. Желілердің тозуы 60 - 70 %.
Сонымен қатар жылыту кезеңінде Приречное ауылындағы ауылдық клубты қатты отынмен қамтамасыз етуде қиындықтар туындады.
«Абай облысының құрылыс басқармасы» ММ Жаңасемей ауданы Приречное ауылында ауылдық клубтың құрылысын аяқтағаннан кейін ауылдық клубтың балансына өткізіп беру-қабылдап алу актісін 2024 жылғы желтоқсанда әзірлеп бергеніне байланысты ауылдық клубтың жылдық қаржылық жоспарында нысанды күтіп ұстауға қаражат қарастырылмаған болатын.
Мәселені шешу мақсатында аудан және Приречный ауылдық округі әкімдігі Жарқын орта мектебімен және «Приречное «Агрофирма» ЖШС-нен клубты жылытуға көмір алған болатын.
Сонымен қатар Алғабас ауылында әкімдік ғимаратын, ауылдық клубты, мектеп пен мешітті жылумен қамтамасыз ететін қазандық жұмыс істейді. 2024 жылдан бері құрылысы жүріп жатқан спорт кешенін пайдалануға беруге байланысты барлық нысандарды толыққанды жылумен қамтамасыз ету үшін осы қазандық қуатының жетіспеушілігі туындауда. Осыған байланысты Алғабас ауылының әлеуметтік нысандарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында жаңа жылу қазандығының құрылысы жоспарлануда.
Қайнар ауылындағы С. Бегалин атындағы мектептің қазандығы үш нысанды жылумен қамтамасыз етеді:
- мектеп ғимараты қазандықтан 60 метр қашықтықта орналасқан;
- ауыл әкімшілігінің ғимараты қазандықтан 100 метр қашықтықта орналасқан;
- Мәдениет үйі қазандықтан 250 метр қашықтықта орналасқан.
Ағымдағы күй:
КСТ-0,7 маркалы 4 қазандық орнатылды (жалпы қуаты: 2,8 МВт).
Бұл қуат барлық үш нысанды толық және тұрақты жылыту үшін жеткіліксіз. Сонымен қатар, әкімдікке баратын жер үсті жылу трасса оқшаулауы тозған.
Мәдениет үйіне дейін үлкен қашықтық бар - жылу шығыны айтарлықтай.
Ұсыныс:
Қажетті қуатты дәл анықтау үшін барлық объектілердің жылу жүктемесін есептеу керек (ғимараттардың көлемі, жылу оқшаулау, температура режимі және т.б.).
Осылайша 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы Жаңасемей ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес 2025 жылғы 10 сәуірде аяқталды.
Осыған байланысты, 2025-2026 жылдардағы жаңа жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында гидравликалық сынақтар, жабдықтарды техникалық тексеру, сондай-ақ жылу желілері мен қазандық жабдықтарын ағымдағы жөндеу кестелерін әзірлеу жұмыстары басталатынн болады.