Ертіс және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы нәтижесі және сайланған әкімдерді тіркеу қорытындылары туралы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
2025 жылдың 13 сәуірінде Жаңасемей ауданы Ертіс және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Жаңасемей ауданы Ертіс және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Ертіс сайлау округі
Ертіс ауылдық округі әкімінің сайлауы
Ертіс сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1286 сайлаушылар енгізілді, оның ішінде 1071 дауыс берді.
Жаңасемей ауылдық округінің әкімі болып Тұрсынханов Азамат Дәуренұлы сайланды, 1999 жылы туған, «Абай облысы Семей қаласы әкімі аппараты» ММ бас инспекторы, Абай облысы, Семей қаласының тұрғыны өзін-өзі ұсынған.
Жаңасемей ауданының сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 14 сәуіріндегі шешімімен Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округі әкімі болып сайланған – Тұрсынханов Азамат Дәуренұлы тіркелді.
Приречный сайлау округі
Приречный ауылдық округі әкімінің сайлауы
Приречный сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1438 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 904 дауыс берді.
Приречный ауылдық округінің әкімі болып Байханов Мираш Алмасханович сайланды, 1991 жылы туған, «Абай облысы Жаңасемей ауданының Приречный ауылдық округі әкімі аппараты» ММ бас маманы, Абай облысы, Семей қаласының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Жаңасемей аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2025 жылғы 14 сәуіріндегі шешімімен Жаңасемей ауданы Приречный ауылдық округі әкімі болып сайланған – Байханов Мираш Алмасханович тіркелді.