Терроризмге қарсы комиссиясының отырысы
Аудан әкімдігі ғимаратында терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өтті
Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары және комиссия мүшелері қатысты.
Отырыста аудан әкімі Алмас Тастенбеков төрағалық жасап, өңірдегі қауіпсіздік шараларын күшейту және терроризмнің алдын алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Жауапты мекеме басшылары аймақтағы қауіпсіздік жағдайы туралы баяндама жасап, қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берді.
Комиссия мүшелері тиісті ұсыныстар енгізіп, нақты міндеттер белгіледі.
Отырыс қорытындысы бойынша аудан әкімі Алмас Тастенбеков жауапты органдарға тапсырмалар беріп, қауіпсіздік шараларын одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.