2024-2025 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық шеңберінде Жаңасемей ауданында халықтың, мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік объектілердің мұқтажы үшін қатты отынды уақтылы және үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Ауданда орналасқан 12 ауылдық округ пен екі кенттің ішінен орталықтандырылған жылумен жабдықтау Шүлбі кентінде бар. Кентте орналасқан РК-2, «Психбольница» қазандықтары Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК балансында.
Магистральдық желілердің жалпы ұзындығы 5 168 м, орамішілік 5 600 м құрайды. Шүлбі кентіндегі жылумен жабдықтау желілерінің тозуы 60-70% құрайды. 2025 жылы «Теплокоммунэнерго» МКК орамішілік және магистральдық желілерді ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр, сондай-ақ Шүлбі кентінде жаңа қазандық салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мүмкіндігін қарастыруда.
Қазіргі уақытта РК-2 қазандығында шатырына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын 2024 ж. 20 қыркүйекте аяқтау жоспарлануда, РК-2 қазандығының жылыту маусымына дайындығы 90% құрайды.
«Психбольница» қазандығында үш қазандық жұмыс істейді: екі негізгі және бір резервтік. Қазіргі уақытта қазандықтардың бірін қаптау жұмыстары жүргізілуде, оны аяқтау 2024 ж. 30 қыркүйегіне жоспарланған. Қазандықтың жылыту маусымына дайындығы 90% құрайды.
Көмір дайындау:
Аудан халқының қатты отынға деген жалпы қажеттілігі 23 974 тонна көмірді құрайды. Көмірдің бағасы көмір кесіндісінен қашықтығына байланысты 18 000 - 21 000 теңгені құрайды.
Қаражыра көмір тілмесінде алып кету пунктінде көмір тоннасына 10 мың теңгеден сатылады.
Мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандарды қамтамасыз ету де маңызды міндет. Бұл нысандардың көмірге деген жалпы қажеттілігі 7044 тоннаны құрайды.
Қазіргі кезде 684 тонна қатты отын жеткізіліп, келесідей таратылды:
- Достық ауылдық округі - 480 тонна,
- Ертіс ауылдық округі - 28 тонна,
- Жиенәлі ауылдық округі - 100 тонна,
- Абыралы ауылдық округі - 10 тонна,
- Шаған кенті - 66 тонна.
Қалған 6 873 тонна көмір күзгі-қысқы кезеңде жеткізушілердің қоймаларынан қажеттілікке сай жеткізілетін болады.
Сонымен қатар, өздеріңіз білетіндей ағымдағы жылы «Абай облысы құрылыс басқармасы» ММ-мен Жаңасемей ауданы Приречный ауылындағы ауылдық клубтың құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда нысанды іске қосу үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталған уақытта құрылыс басқармасы клуб ғимаратын Приречный ауылдық огругі әкімшілігінің балансына беруді жоспарлауда. Алайда, Приречный ауылдық округінің жылдық қаржылық жоспарында аталған ғимарттың күтіп ұстауына қаражат қарастырылмаған.
Осыған байланысты қазіргі кезде ғимаратты жылытуға қажетті көмір қоры жеткіліксіз. Мәселені шешу мақсатында Приречный ауылдық округі әкімдігі қажетті бюджеттік өтінім әзірлеп ауданның экономика және қаржы бөліміне тапсырды. Қажетті көмір – 200 тонна.
Сонымен қатар 2024 жылы «DEMEU KAZAKHSTAN» қоғамдық қорының қаражаты есебінен Озерки ауылдық округі әкімінің аппараты теңгеріміндегі 2 қабатты әкімшілік ғимаратынына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар аяқталған уақытта ғимаратқа ауылдық әкімдік, ауылдық мәдениет үйі және округтегі халыққа қызмет көрсететін мекемелерді орналастыру жоспарлануда. Осыған байланысты Озерки ауылдық округінің жылдық қаржылық жоспарында аталған ғимарттың күтіп ұстауына қаражат қарастырылмаған.
Қазіргі кезде ғимаратты жылытуға қажетті көмір қоры жеткіліксіз. Мәселені шешу мақсатында Озерки ауылдық округі әкімдігі қажетті бюджеттік өтінім әзірлеп ауданның экономика және қаржы бөліміне тапсырды.
Осылайша, Жаңасемей ауданының әкімдігі 2024-2025 жж. күзгі-қысқы кезеңде үздіксіз жылытуды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.
Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рақмет!
Бөлім басшысы Н. Құлан