Меню

Страницы

Статья

Спорт нысандары

2025 жылы аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын ұйымдастыру үшін 18  мектепте  38 дене шынықтыру мұғалімі қызмет жасайды.

Мектептерде 15 спорт зал,  елді мекендерде 20 шағын футбол  және 10 воркаут алаң бар.

Мектептерде қазақша күрес, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, футбол, волейбол, баскетбол тағы басқа спекциялар жұмыс жасайды.

Аудан тұрғындарының саны 8 мыңнан астам адам белсенді салауатты өмір салтымен және спорттық іс-шаралармен қамтылған.

Қараөлең ауылдық округіндегі Қайнар ауылында  Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі» КММ қарамағындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасайды.          

Спорт нысанында жалпы  16 штат бар,   күрес, дзюдо, волейбол NOMAD MMA  секциялар күнделікті ауыл тұрғындарына,  жастарға қызмет көрсетеді.

«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру мақсатында «Даму Бала» платформасы арқылы Шүлбі кентінде және Приречный ауылында шахмат, волейбол, футболдан секциялар ашылып, 76 бала  тегін спортпен шұғылдануда.

Жыл басынан  бері ауылдық округтермен  кенттерде футбол, баскетбол, волейбол, гір тасын көтеру, қол күресі, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өтті.

Қазіргі уақытта  бөліммен аудандағы барлық клубтарды біріктіріп, жаңадан  аудандық мәдениет үйі жаңа жылдан бастап ашылады және  мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда аудандық  Жастар орталығын  ашу қарастырылып жатыр.

 

 

Дата публикации
01 августа 2024
Дата обновления
02 июля 2025
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫ УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМДАРЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Ақпарат
22 октября 2026
Перечень СМИ, онлайн-платформ имеющих право размещать агитационные материалы кандидатов
Ақпарат
22 октября 2026
ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы