Ертіс ауылдық округінің әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 Абай облысы

Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жаңасемей ауданының Ертіс ауылдық округінің

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Ертіс ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылдың 17 мамырына тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 17 мамырына тағайындалған Жаңасемей ауданының Ертіс ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Жаңарған Жаңасемей» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                 Д. С. Асембаев

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Д. М. Кабиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2026  жылғы 8 сәуірі

№ 12

 

 

 

Дата публикации
08 апреля 2026