Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын:

         Новобаженово ауылдық округі әкімінің – Новобаженово  ауылдық округінің шекарасындағы Новобаженово  сайлау округі;

  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Жаңарған Жаңасемей» аудандық газетінде және Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                        Д.Асембаев                         

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                       Д. Кабиева

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы,

2026 жылғы 4 наурыздағы

№8 қаулы

Дата публикации
04 марта 2026