Жаңасемей ауданының Айнабұлақ ауылдық округінің әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Айнабұлақ ауылдық әкімінің сайлауы 2026 жылдың 8 ақпанына тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 8 ақпанға тағайындалған Жаңасемей ауданының Айнабұлақ ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Жаңарған Жаңасемей» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                 Д. С. Асембаев

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Д. М. Кабиева

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2025  жылғы 31  желтоқсаны

№ 37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 декабря 2025