Абаттандыру және ТҮКШ
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ ауданның санитариялық жағдайын жақсарту, абаттандыру мен көгалдандыру деңгейін арттыру және халықтың жайлы өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында аудан әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №7 «Ауданның ауылдарында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру, бойынша екі айлықты өткізу туралы» және 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №160 «Ауданның ауылдарында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру, бойынша екі айлықты өткізу туралы» қаулылары қабылданды.
Аталған қаулыларға сәйкес 2025 жылғы 1 сәуірден 1 маусымға дейін, сондай-ақ 6 қыркүйектен 6 қарашаға дейінгі аралықта аудан аумағында елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру және санитариялық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық іс-шаралар өткізілді. Экологиялық іс-шаралар барысында 2 865 тұрғын үй ауласы, 190 көше, 16 тарихи-мәдени ескерткіш және 30 әлеуметтік нысан тазартылды. 13-тен астам рұқсатсыз қоқыс үйіндісі жойылды. 212 бірлік арнайы техника тартыла отырып, қоқыс шығарылды.
2024–2026 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспары аясында 2025 жылы Жаңасемей ауданында 1000 түп көшет отырғызу жоспары берілді. Бүгінгі таңда жоспар 100 % орындалды. Аудан көлімінде 1 585 түп көшеттер отырғызылды, көктемгі кезеңде- 1 285 түп және күзгі кезенде 300 түп ,оның ішінде пирамидалық терек – 1055 түп, шырша – 215 түп, қарағай – 120 түп, қайың–45 түп, қарағаш – 20 түп,бұталар – 130 түп.
Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 269 әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған іс-шаралардың өткізілуі жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында тұр.
Сумен жабдықтау
Мемлекет Басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі халықты 100% ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде биыл Ақбұлақ ауылында сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары аяқталып, ауыл халқы толық ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, Алғабас ауылында су құбыры желілерін және бірінші көтерілімдегі ұңғыманы қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, халыққта таза ауыз су берілді.
Шаған кентінде сумен жабдықтау желілерін салу жұмыстары аяқталып, халыққа таза ауыз су берілді.
Қазіргі уақытта Приречное ауылында су құбырын қайта жаңғырту және Талица ауылында су құбырының құрылысы жүргізілуде. Аталған жобалар 2026 жылға көшіріледі.
Тарифтер
Жаңасемей ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді ауданы мәслихатының 2025 жылғы 21 қазандағы кезекті сессиясында №21/230-VIII шешімімен бекітілді:
|
Атауы |
Есептік бірлігі |
Барлығы (ҚҚС-сыз тенге) |
Барлығы (ҚҚС-мен тенге) |
|
Жайлы үйлер |
Бір тұрғынға айына |
432,52 |
484,42 |
|
Жайлы емес үйлер |
490,48 |
549,34 |
|
|
Жеке жіне заңды тұлғалар үшін бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф |
1 м3 |
2675,37 |
2 996,41 |
Жарықтаңдыру
2025 жылы облыстық бюджеттен бес елді мекенді жарықтандыруға бюджеттен қаржы қарастырылып, Прииртышское және Мұқыр ауылдарында көше жарығының құрылысы жүргізілді, Қайнар, Талица және Половинка ауылдарында көше жарықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні аталған нысандар бойынша толық жұмыстар аяқталып, көше жарықтары халықтың пайдаланылуға берілді.
ТҮКШ
2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға арналған жалпы ауданы 1022 шаршы метр болатын 11 пәтер сатып алынды. Жалпы сома — 197 200 000 теңге.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы №1067 бұйрығы (2025 жылғы 30 мамырдағы №187 бұйрығымен күшін жоғалтты) негізінде, 2025 жылдың наурыз–мамыр айларында аудан әкімдігінің шешімі бойынша әлеуметтік жағынан мұқтаж азаматтарға Шақаман, Мұқыр елді мекендері мен Шүлбі кентінде орналастырылған 36 пәтер «kezekte.kz» порталында тіркелген келесі санаттарға: «көпбалалы отбасылар», «әлеуметтік осал топтар», «жесір балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар», «бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және әскери қызметшілер» берілді.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, есеп жүргізу және тұрғын үйді бөлу функциялары жергілікті атқарушы органдардан «Отбасы банк» акционерлік қоғамына берілді.
Осыған орай, 2025 жылғы 1 тамызда тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын іске асыру аясында «Отбасы банк» АҚ-мен өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Келісім шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға тұрғын үй беру үшін 42 бөлінбеген пәтерді бөлуді қамтамасыз ету көзделген. Жалдау пәтерлерін бөлу 2025 жылғы 20 қазаннан басталды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтер «Құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 бұйрығына сәйкес көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м. а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органдар 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1) Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
2) Эскизді (эскиздік жобаны) келісу;
3)Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын тағайындау/ жою;
4) Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
5)Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу;
6) Ағаштарды кесуге рұқсат беру.