Абай облысының жаңа Жаңасемей ауданының шекарасы жалпы ауданы 2 754 401,0 гектар.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 1 135 490,8 гектар. Оның ішінде:
– жайылымдық — 1 107 982,2 гектар,
– егістік — 15 236,5 гектар,
– тыңайған жер — 6 111,9 гектар,
– шабындық — 6 160,2 гектарды құрайды.
Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің басым бөлігі шаруашылық құрылымдарының иелігінде.
Жаңасемей ауданына 2025 жылы Абай облысының әкімдігі, Жер ресурстарын басқару департаменті және Жер қатынастары басқармасының бекіткен жоспар тапсырмасы 20 мың гектарды құрайды.
Осы жылдың 10 айында мақсатына сай пайдаланылмай немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланған 14,027 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылып, жылдық жоспар тапсырма 74 пайызға орындалды.
Ауданның барлық ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер иелерінің жер телімдеріне сараптама жүргізілуде. Сараптама қорытындысы мұқият зерделеніп, жер телімдерін мақсатына сай пайдаланбайтын немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып отырған 22 жер иеленушілерінің 26 591 гектар болатын жер телімінің тізімі жасақталып, мемлекет меншігіне қайтару үшін Абай облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды.
Аталған мәселе қатаң бақылауға алынды.
Жұмыстар әрі қарай жалғасын табатын болады.