Абай облысының жаңа Жаңасемей ауданының шекарасы жалпы ауданы 2 754 401,0 гектар. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 1 135 490,8 гектар. Оның ішінде: Жайылымдық 1107982,2 гекткр, егістік 15236,5 гектар, тыңайған жер 6111,9 гектар, шабындық 6160,2 гектарды құрайды. Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің басым бөлігі шаруашылық құрылымдарының иелігінде.
Өткен жылы Бөкенші ауылына мен Шаған кентінде екі пәтерлі тұрғын үйлер мен Шүлбі кентіндегі Мәдениет үйлерін салу үшін жер учаскелерін аукционға қою бойынша жұмыстар жүргізілді. Бөкенші ауылындағы төрт учаске, Шаған кентінде 4 учаске және Шүлбі кентіндегі 1 учаске Мәдениет үйін салу үшін жер телімдері бойынша барлық құжаттар дайындалып, электрондық сауда порталында бұйрықтар жасалып, аукциондық негізде берілді.
Сонымен қоса Жаңасемей ауданының әлеуметтік экономикалық көрсеткішін, халықты жұмыспен қамту мақсатында қатты пайдалы қазбаларды барлау және жер қойнауын гологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 4 заңды тұлғаға, лицензиясының негізінде 6 жер теліміне рұқсат берілді.
Жаңасемей ауданына 2025 жылы Абай облысының әкімдігі, Жер ресурстарын басқару департаменті және Жер қатынастары басқармасының бекіткен жоспар тапсырмасы 20 мың гектарды құрайды. Осы жылдың 4 айында мақсатына сай пайдаланылмай немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланған 12506,72 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері қайтарылып, жылдық жоспар тапсырма 63 пайызға орындалды. Осы мәселе қатаң бақылауға алынып, жыл соңына дейін жоспар тапсырма толық орындалатын болады.
Ағымдағы жылы жер телімдерін конкурстық негізде беру үшін 46 жоба дайын. Оның ішінде көлемі 1000 гектарға дейінгі 21 жер телімі, жалпы ауданы 13519 гектар. Көлемі 1000 гектардан жоғары 25 жер телімі, жалпы ауданы 42 205,6 гектар, барлығы 55725 гектар жер телімдерінің жерге орналастыру жобалары дайындалып, 2 тоқсанда конкурсқа шығару жоспарлануда.
Биылғы жылы Жаңасемей ауданының әлеументтік экономикалық көрсеткішін, халықты жұмыспен қамту мақсатында қатты пайдалы қазбаларды барлау және жер қойнауын гологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 7 заңды тұлғаға лицензиясының негізінде 6 жер теліміне рұқсат берілді.