"Объявлено о начале конкурса на предоставление гранта «Тәуелсіздік ұрпақтары»."

Абай облысының ішкі саясат басқармасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Биыл республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант беру көзделуде.

Грантқа 6 бағыт бойынша («Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес», «Медиа», «Волонтерлік») 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) үміткер бола алады.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларына сәйкес конкурс екі кезеңде өткізіледі (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы
17 шілдедегі № 283-НҚ бұйрығы)
:

бірінші кезең – конкурстық өтінімдерді қабылдау және қарау;

екінші кезең – конкурстық өтінімдерді бағалау және жеңімпаздарды анықтау.

Конкурстық өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 16 маусымнан бастап
18 тамыз аралығында
жүзеге асырылады.

Дата публикации
26 июня 2025