Жаңасемей ауданының Алғабас, Достық ауылдық округтерінің және Шүлбі кентінің әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Абай облысы

Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жаңасемей ауданының Алғабас, Достық ауылдық округтерінің

және Шүлбі кентінің әкімдерінің

 сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Алғабас, Достық ауылдық округтері және Шүлбі кенті әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың 18 мамырына тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 18 мамырына тағайындалған Жаңасемей ауданының Алғабас, Достық ауылдық округтерінің және Шүлбі кентінің әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                 Д. С. Асембаев

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Д. М. Кабиева

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2025  жылғы 09 сәуірі

№ 15

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025