Жаңасемей ауданының Алғабас, Достық ауылдық округтерінің және Шүлбі кентінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

Абай облысы

Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Жаңасемей ауданының Алғабас, Достық ауылдық округтерінің және Шүлбі кентінің әкімдерін сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Алғабас, Достық ауылдық округтерінің және Шүлбі кентінің әкімдерін сайлауы бойынша сайлау округтері құрылсын:
  • Алғабас ауылдық округі әкімінің – Алғабас ауылдық округінің шекарасындағы Алғабас  сайлау округі;
  • Достық ауылдық округі әкімінің – Достық ауылдық округінің шекарасындағы Достық  сайлау округі;
  • Шүлбі кенті округі әкімінің – Шүлбі кенті округінің шекарасындағы Шүлбі сайлау округі;
  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде және Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                      Д.Асембаев                        

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                       Д. Кабиева

 

 

 

 

Семей қаласы,                                                                                                                                                               2025 жылғы 09 сәуір                                                                                                                                                           № 14

 

 

 

Дата публикации
09 апреля 2025