Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмысы туралы

Есептік кезеңде мәдениет мекемелерімен 200-ден астам мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде күнтізбелік мерекелер, конкурстар мен фестивальдар, мерекелік концерттер, халықтық мерекелер өткізілді. Қамтылған адам саны 12500.

        Ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында өткен халықаралық «ALASH STAR» көп жанрлы өнер байқауында Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылдық клубының «Асылым» би үйірмесінің бишілері бас жүлдені иеленді.

         Маусым айында Астана қаласында өткен халықаралық «Алаш жұлдызы» байқауында Шүлбі кенті клубының «Милашки» кіші тобы өзбек биімен Бас жүлде иеленсе, үлкен би тобы корей халқының биімен 1-орынды жеңіп алып, Түркияға жолдама ұтып алды.

         Шілде айында Қараөлең ауылдық округінің орталығы Қайнар ауылының жас өнерпаздары Өскемен қаласында өткен «Halyk_star» халықаралық ән байқауында жеңіске жетіп, Бас жүлде иеленді.

      2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қайнар орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жалпы кітап қоры - 74621 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 56361 дана әдебиет. Кітапханаға келушілер саны - 9599, кітап беру – 15742, 775 оқырманға қызмет көрсетілді.

 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мұқыр ауылының кітапханасында жалпы кітап қоры - 5287 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 2821 дана әдебиет.

Кітапханалар ақпараттық-мәдени кеңістігінде жоғары орынға ие. Негізгі қол жеткізілген көрсеткіштер кітапхана қызметіне халықтың сұранысының жоғары екенін көрсетті, олардың ассортименті жылдан жылға кеңейіп келеді.

         Есептік кезеңде мемлекеттік тілді насихаттау және оның ауқымын кеңейту мақсатында  90 іс-шара өткізіліп, 3100 адам қамтылды.

2024 жылдың 5 қыркүйегінен 5 қазаны аралығында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен Қазақстан халқы тілдері күніне орай жарияланған «Тілдер шеруі» айлығы аясында Жаңасемей ауданында барлығы 12 іс-шара өткізілді.

 Алғабас ауылының клубында «Аталар сөзі – ақылдың  көзі» кітап көрмесі-шолу және «Тілді дамыту мақсатында» көркемсөз үйірмесінің мүшелерімен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Қайнар орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Тіл – халық мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Новобаженово ауылының клубы Қазақстан халқының тілдер күніне орай «Тілге құрмет – елге құрмет» атты дөгелек үстел ұйымдастырды.

Шақаман ауылының клубында «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты дөңгелек үстел өтті.

Жалпы алғанда аудан бойынша атаулы мерекелік күндер және мәдени-бұқаралық іс-шаралар тұрақты ұйымдастырылып, өткізілген шаралар әлеуметтік желіде жарияланады.

О работе отдела культуры и развития языков
Дата публикации
28 марта 2025