Жаңасемей ауданы бойынша 2025 жылғы тракторларға,ауылшаруашылық машиналарына ,олардың тіркемелеріне, жол-құрылыс және жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы техникаларына мемлекеттік техникалық байқауды өткізу туралы ақпарат
ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің 2015жылғы №4-3/269 бұйрығымен бекітілген «тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизімдерді монтаждалған арнайы жобадағы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналарымен тетіктерін ,сондай ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу»мемлекеттік қызыметінің көрсету стандарты бойынша жылына бір рет техникалық байқауға заңды және жеке тұлғалардың иелігіндегі және Мемтехинспекциясының есебінде тұрған техникалар жатады.
Машиналарға мемлекеттік техникалық байқау жүргізгенде машиналардың кімге тиесілі екенін анықталады , машиналармен двигательдің тұрпатының модельдерінің, шыққан жылдары мен зауыттық нөмірлерінің, мемлекеттік нөмір белгілерінің тіркеу құжаттарында жазылған мәліметтерге сәйкестігі тексеріледі.
Машиналардың техникалық жай-күйінің, адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлікке, қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігінің тапсырмаларына сәйкестігін, Қазақстан Республикасының белгіленген қолданыста жүрген стандарттарға, сертификаттарға, шығарған зауыттардың пайдалану жөніндегі нұсқауларына және басқа да нормативтік құжаттамалар, сонымен қатар Жол жүрісі ережелерінің және тіркеу құжаттарының талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Міндетті тексеруге мыналар жатады: тежеу жүйесінің жұмысы, рульдік басқару, доңғалақ және шина, жарық және дыбыс жабдықтары, тіркеу құрылымы.
Тракторлар арнайы медициналық аптечкалармен және өрт сөндіргіш құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Заңды тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі ) машинаны мемлекеттік техникалық бақылауға мынандай құжаттарды ұсынады:
-өтініш;
-машинаның тіркеу құжаты (техникалық паспорт);
-заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған мемлекеттік техникалық байқау актісі.
Жеке тұлға (не оның сенімхат бойынша өкілі) машинаны мемлекеттік техникалық байқауға мынадай құжаттар ұсынады:
Машиналарды басқару жағдайында, мемлекеттік техникалық байқау өтпеген, пайдалану қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жүру қауіпсіздігіне немесе экологиялық жағдайды төмендететін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес кінәлі адамдарға әсер ету үшін іс-шаралар қолданылады, ондай машиналардың нөмір белгілері алынып, пайдалануға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан 1414 телефоны бойынша алуға болады.
«Абай облысы Жаңасемей ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: Семей қаласы, М. Әуезов даңғылы 95А ғимараты. тел: 8(701) 535-29-89