Жаңасемей ауданының Ертіс және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жаңасемей ауданының Ертіс және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Ертіс және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2025 жылдың  13 сәуіріне тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 13 сәуіріне тағайындалған Жаңасемей ауданының Ертіс және Приречный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парағында және қалалық «Семей таңы», «Вести Семей» газеттерінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                 Д. С. Асембаев

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Д. М. Кабиева

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2025  жылғы 05 наурызы

№ 3

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 марта 2025