Абай облысы Жаңасемей ауданының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы

2024-2026 жылдарға арналған Жаңасемей ауданының бюджеті туралы

Абай облысы Жаңасемей аудандық мәслихатының 2024 жылғы ____ ____________ № _________ шешімі.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 424 Жарлығымен "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Семей қаласының құрамынан Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озерка, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау ауылдық округтері мен Шүлбі, Шаған кенттерін бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласының аумағында орналасатын Жаңасемей ауданы құрылды.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 73, 75 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жаңасемей аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

        1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 1145054,4 мың теңге, соның ішінде:

       салықтық түсімдер – 1129968,0 мың теңге;

       салықтық емес түсімдер – 15086,4 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

      трансферттердің түсімдері – 0,0 мың теңге;

      2) шығындар – 1145054,4 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 0,0 мың теңге;

       бюджеттік кредиттерді өтеу – 0,0 мың теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

      қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге, соның ішінде:

      қарыздар түсімі – 0,0 мың теңге;

      қарыздарды өтеу – 0,0 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,0 мың теңге.

     

      2. 2024 жылға арналған Жаңасемей ауданының атқарушы органының резерві 16274,1 мың теңге сомасында бекітілсін.

     

 

       3. Осы шешiм 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап шығарылды қолданысқа 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізіледі. 

 

   

Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы                    Е.Әбілмажинов

 

 

   

 

Дата публикации
05 ноября 2024