Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін;

 ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 09.10.2024 № 687 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.08.2022 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 23 маусымдағы № 378 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің 2015 жылғы 23 шілдедегі 92255 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 31 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 5-бөлімнің 16-параграфын, сондай-ақ 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 424 және 426-тармақтарды қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

      Министр Б. Сұлтанов

 

 

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 648 бұйрығымен
  бекітілген

 

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.01.2022 № 35 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы", "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібіне сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012590

Дата публикации
30 октября 2024