ХАБАРЛАМА
2024 жылғы 15 қыркуйекте Жаңасемей ауданының Жиенәлі, Қараөлең, Көкентау ауылдық округі, жіне Шаған кенті әкімінің сайлауы өтті.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Жаңасемей ауданының Жиенәлі, Қараөлең, Көкентау ауылдық округі және Шаған кенті әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Жиенәлі сайлау округі Жиенәлі ауылдық округі әкімінің сайлауы
Жиенәлі сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 451 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 324 дауыс берді.
Жиенәлі ауылдық округінің әкімі болып Айтқожин Берік Рымбекұлы сайланды, 1993 жылы туған, «Жиенәлі ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ - бас маман, Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Жиенәлі ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркуйек шешімімен Жаңасемей аудандық Жиенәлі ауылдық округі әкімі болып сайланған – Айтқожин Берік Рымбекұлы тіркелді.
Қараөлең сайлау округі Қараөлең ауылдық округі әкімінің сайлауы
Қараөлең сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 786 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 507 дауыс берді.
Қараөлеі ауылдық округінің әкімі болып Ысқақов Ұлан Жанысұлы сайланды, 1991 жылы туған, "Абай облысы Қараөлең ауылдық округі әкімінің аппараты "ММ" Қайнар ауылының Мәдениет үйі " КМҚК-директор, Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Қараөлең ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркуйек шешімімен Жаңасемей аудандық Қараөлең ауылдық округі әкімі болып сайланған – Ысқақов Ұлан Жанысұлы тіркелді.
Көкентау сайлау округі Көкентау ауылдық округі әкімінің сайлауы
Көкентау сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 867 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 562 дауыс берді.
Көкентау ауылдық округінің әкімі болып Жұмағали Әділет Болатұлы сайланды, 1989 жылы туған, «Көкентау ауылдық округі әкімнің аппараты» ММ - бас маман, Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Көкентау ауылының тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркуйек шешімімен Жаңасемей аудандық Көкентау ауылдық округі әкімі болып сайланған – Жұмағали Әділет Болатұлы тіркелді.
Шаған сайлау округі Шаған кенті әкімінің сайлауы
Шаған кенті бойынша сайлаушылар тізіміне 295 сайлаушлар енгізілді, оның ішінде 210 дауыс берді.
Шаған кенті әкімі болып Попова Ирина Валерьевна сайланды, 1977 жылы туған, уақытша жұмыс істемейді, Абай облысы, Жаңасемей ауданы, Шаған кентінің тұрғыны, өзін-өзі ұсынған.
Аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2024 жылғы 16 қыркуйек шешімімен Жаңасемей аудандық Шаған кенті әкімі болып сайланған – Попова Ирина Валерьевна тіркелді.
Жаңасемей аудандық аумақтық сайлау комиссиясы