«Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

  1. Жалпы ережелері
  1. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс саласында басшылықты жүзеге асырады, сонымен қатар Жаңасемей ауданының аумағында тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
  2. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
  4. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, М.Әуезов даңғылы, үй 95А.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  10. Мемлекет Жаңасемей ауданының жергілікті атқарушы органы тұлғасында «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  11. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
  12. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  13. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
  14. «Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
  1. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Жаңасемей ауданы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылыс, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй қорын, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын басқарудағы мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
  2. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) мемлекеттік тұрғын үй қорының есебін жүргізеді;

2) тұрғын үй қоры саласындағы бақылауды жүзеге асырады;

3) тұрғын үй қорының сақталуын және жөндеуді қамтамасыз етеді;

4) тұрғын үй және тұрғын үй қорын пайдалану саласында азаматтардың құқықтарының сақталуына бақылау жасайды;

5) заңнамамен бекітілген құзыретінің шегінде аудан аумағында мемлекеттік бюағдарламаларды жүзеге асырады;

6) аудан аумағында сәулет-қала құрылысы қызметінің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылатын елді мекендерді көркейту және көркейту мәселелері бойынша шешімдер қабылдау.

  1. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

1) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрыны дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

3) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

6) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

7) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

8) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;

9) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

10) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;

11) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы рекуонструкциялау туралы шешім қабылдау;

12) кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін тексеруді жүргізеді;

13) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

14) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

16) жолаушылар тасымалдауды ұйымдастырады;

17) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

18) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқарады;

19) Жаңасемей ауданы аумағындағы аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, қалалардағы және өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

20) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

21) қала құрылысы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорын құру, құрылысқа сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру, қала құрылысы бағдарламалары бойынша елді мекендер мен аумақтарды қала құрылысы, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, абаттандыру және ауылдық дизайн мәселелерін реттейтін нормаларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, салынып жатқан объектілердің мониторингі;

22) сәулет, қала құрылысы қызметі саласында ұзақ мерзімді, ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

23) аудан аумағында сәулет-қала құрылысы қызметін үйлестіру;

24) елді мекендердің бас жоспарларын және өзге де қала құрылысы құжаттамаларын уақтылы әзірлеу мен түзетуді бақылауды жүзеге асыру. ауданның елді мекендерін және олардың жекелеген бөліктерін жоспарлау бойынша жобалық құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру;

25) ауданның елді мекендерін және олардың жекелеген бөліктерін дамыту бойынша қала құрылысы бағдарламаларын дайындау, аумақты игеру кезектілігі мен түрлерін қоса алғанда, құрылыс үшін учаскелердің қалыптасқан және перспективалық құндылығын, ведомстволық бағынысты аумақтағы жер учаскелеріне қажеттілік көлемін және осы міндеттерді іске асыру жолдарын айқындау;

26) ауданның елді мекендерін дамыту бағдарламаларын іске асыру бойынша зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу, ауылдық елді мекендерді қалыптастырудың оң және теріс үрдістерін анықтау, қала құрылысы қызметі мәселелері бойынша халықпен байланыс ақпаратын қамтамасыз ету;

27) базалық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

28) аудан аумағын абаттандыру, сәулеттік келбетін жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

29) орындалған жобалау-сметалық құжаттама негізінде бюджеттік өтінімдерді әзірлейді және тиісті орындарға ұсынады.

  1. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Жаңасемей ауданының сәулет және қала құрылысы қызметін үйлестіру;

2) аудандардың жерлерін аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

3) «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметкерлерін қатыстыру;

5) «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;

6) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;

7) «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;

8) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді орындау;

10) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізу;

11) аудан аумағында сәулет-қала құрылысы қызметінің барлық субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылатын елді мекендерді көркемдік безендіру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың қызметіне тексеру жүргізу;

13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеменің құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың қызметіне тексеру жүргізу.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  1. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқару «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
  2. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеме қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеме қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;

3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

4) мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

         5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда мекеме мүддесін білдіреді;

6) Жаңасемей ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде мекеменің штат кестесін бекітеді;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады;

«Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  1. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Мемлекеттік органның құзырына қарайтын мекемелердің тізілімі
  1. Абай облысы Жаңасемей аудандық шаруашылық жүргізуге құқығы негізделген мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын.
«Абай облысы Жаңасемей ауданының тұрғын үй–коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрлысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Дата публикации
02 августа 2024