2024 жылдың 17 сәуірінде «Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ( бұдан әрі бөлім) Абай облысының Әділет департаментінде ресми тіркеуден өтіп, Ережесі бекітілді.
Бөлім аудан аумағында дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент, Үкімет актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім дене шынықтыру мен спортты дамыту саласындағы жұмыстарды ұйымдастырып, орындауда Президентінің жыл сайынғы Жолдауы, ҚР Дене шынықтыру және спорт туралы Заңы, ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 251 қаулысымен бекітілген дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы және басқа да құқтық нормативтік заңдар аясында жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта ауданға қарасты 12 ауылдық округ және 2 кент аумағында спорттық іс-шаралар жыл басынан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен шұғылдану жұмыстарын ұйымдастыру үшін 18 мектеп бар, онда 38 дене шынықтыру мұғалімі қызмет жасайды.
Осы мектептердің ішінде 15 спорт зал, елді мекендерде 20 шағын футбол және 10 воркаут алаң бар.
Мектептерде қазақша күрес, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, футбол, волейбол, баскетбол тағы басқа спекциялар жұмыс жасайды.
Аудан тұрғындарының саны 20856 болса 8 мыңнан астам адам белсенді салауатты өмір салтымен және спорттық іс-шаралармен қамтылған.
Қараөлең ауылдық округіндегі Қайнар ауылында Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резервтік спорт мектебі» КММ қарамағындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс жасайды.
Спорт нысанында жалпы 16 штат бар, күрес, дзюдо, волейбол NOMAD MMA секциялар күнделікті ауыл тұрғындарына, жастарға қызмет көрсетеді.
Ақбұлақ ауылында типтік жоба бойынша спорт зал жұмыс жасайды. Онда ауыл тұрғындарына футболдан және үстел тенисінен күнделікті жаттығулар және жарыстар ұйымдастырылады.
Осы ауылда жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асқар Төлеужанұлы үстел тенисінен республикалық жарыста 1 орын алып, ауыл жастарын осы спорт түріне үйретуде.
Шүлбі кентінде спорт кешені салынды, онда бокс, күрес, футбол, волейбол басқа да спорт түрлерінен жаттығу және жарыс өткізуге болады.
Жыл басынан бері ауылдық округтермен кенттерде футбол, баскетбол, волейбол, гір тасын көтеру, қол күресі, жеңіл атлетика және басқа да спорт түрлеріне жарыстар өтті.
Мысалы Шақаман, Мұқыр ауылдарында ерлер және әйелдер арасында волейболдан жарыстар ұйымдастырылды.
Алғабас, Новобаженова ауылдарында үстел тенисі, арқан тарту, асық ату, гіт тасын көтеру, қол күресі, тоғызқұмалақтан жарыстар болып, халық қызығушылықпен қатысты.
Жиенәлі ауылдық округіндегі мектеп оқушылары волейболдан облыстық жарыста 2 орын алып, республикалық жарысқа жолдама алды.
Жарқын мектебінің баскетболдан ұлдар командасы облыстық жарыста 2 мәрте бірінші орын алып, республикалық жарысқа қатысты.
Мұқыр ауылының шахматшылары облыстық шахмат турнирінде бас жүлдемен марапатталып, республикалық сайысқа жолдама ұтып алды.
Ауданда 16 спорт түрі дамыған оның 5 Олимпиадалық спорт түрлері, еркін күрес, волейбол, жеңіл атлетика, үстел тенисі, футбол.
Қысқы Олимпиада ойындарынан хоккей Озерки ауылында жақсы жолға қойылып, жыл сайын өтетін жарысқа қала мен аудандардан командалар қатысады.
Қыс мезгілінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда 6 хоккей алаңдары бар.
«Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру мақсатында «Даму Бала» платформасы арқылы Шүлбі кентінде және Приречный ауылында шахмат, волейбол, футболдан секциялар ашылып, 76 бала тегін спортпен шұғылдануда.
Бөліммен ағымдағы жылы Мұқыр ауылында футболдан аудандық жарыс және желтоқстан айында Озерки ауылында хокейден облыстық жарыс өткізу жоспарда бар.
Аудан бойынша ұлттық спорт түрлері: қазақ күресі, тоғызқұмалақ, аударыспақ, теңге алу, бәйге (құнан бәйге, бәйге, жорға жарыс, аламан бәйге), көкпар ұйымдастырылады.
Ұлттық спорт ойыны көкпарды Көкентау ауылының жастары белсенді ұйымдастырып келеді.
2024 жылдың аяғына дейін аудандағы ауылдық округ және кенттерде 8 мыннан астам адам қатысатын 100 астам спорттық іс-шаралар жоспарланады.
Спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда футбол, волейбол, баскетбол, үстел тенисі, жеңіл атлетика, ұлттық спорт түрлерінен де жарыстар өткізу жоспарда бар.
Ауыл тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында өтетін іс-шаралар туралы ауылдық округ және кенттердің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында ақпараттар жарияланады.
2024 жылға арналған міндеттер:
- Мемлекет басшысының халықтың барлық жас топтары арасында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жөніндегі және балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімділігі жөніндегі Жолдауын орындау;
- Ауданымыздың елді-мекендеріндегі тұрғындарды арасында салауатты өмір салты мен спорттық бұқаралық шараларға тарту мақсатында қолжетімді секциялар мен үйірмелер және жарыстар ұйымдастыру;
- Бұқаралық спортты дамыту мен қатар бәсекеге қабілетті біліктілігі жоғары спортшыларды әзірлеу жұмыстарын жүргізу;
- Ауданда спорт инфрақұрлымын дамыту және қалпына келтіру бойынша тиісті жауапты мекемелермен жұмыстарды атқару.
Спортты дамыту, салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау және жүзеге асыру мәселелері облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттардың қатарында.
Сондықтан барлық жұмыстар бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу бекітілетін жоспарларға сәйкес жүргізілетін болады.
«Жаңасемей ауданының ішкі саясат,
мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ