Жаңасемей ауданында сайлау учаскелерін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабының 1,2-і тармақтарына сәйкес, Жаңасемей ауданының әкімі ШЕШТІ:
- Жаңасемей ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын
- "Жаңасемей ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпараттық құралдарында ресми жариялануын, аудандық әкімдіктің интернет ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай облысы Жаңасемей ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңасемей ауданы әкімі Р.Е.Базарбаев
"Келісілді"
Жаңасемей аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы Т.Т. Бейсекенов