Абай облысы Жаңасемей ауданы аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысын шақыру туралы ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 2024 жылғы 1 сәуірде сағат 16.00-де Абай облысы Жаңасемей ауданы аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысы шақырылсын.

Ұсынылатын күн тәртібі:

  1. Жаңасемей ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын, төраға орынбасарын және хатшысын сайлау туралы.
  2. Комиссия мүшелерінің өкілеттіктерді кәсіби тұрақты негізінде жүзеге асыруы туралы.
  3. Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері арасында лауазымдық өкілеттіктерді бөлу туралы.

Өтетін орны: Абай облысы, Семей қаласы, Ұранхаев көшесі, 33 үй, 1 каб. 

Анықтама үшін телефоны -  8 (7222) 35-44-34.

 

Абай облысы аумақтық

сайлау комиссиясының

төрағасы

Г. Жігітбаева

 

Дата публикации
29 марта 2024