«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 1), 2) тармақшасына, сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2026 жылғы 12 қазандағы № 1521 Жарлығының негізінде Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 29 қарашаға Абай облысы Жаңасемей ауданының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалсын.
- Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімдері 2026 жылғы 14 қазаннан бастап 2026 жылғы 27 қазандағы сағат он сегізге дейін белгіленсін.
- Партиялық тізімдерді, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 1 қарашада сағат он сегізде аяқталатын болып белгіленсін.
- Абай облысы Жаңасемей ауданының округтік сайлау комиссиялары мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.
- Осы қаулы Абай облысы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы интернет-ресурсында орналастырылсын.
|
Төраға
|
Д. Асембаев
|
|
Хатшы
|
Д. Кабиева
|
Семей қаласы,
2026 жылғы 13 қазан,
№ 36