Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бірмандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы

 08     қазан        2026                                  № 33

 Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бірмандатты аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына,      21-бабының  3-тармағына, 22-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысы негізінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21198 болып тіркелген) Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау үшін 10 (он) бірмандатты аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Бірмандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  3. Қаулы Жаңасемей ауданының мәслихатына жіберілсін.
  4. Осы қаулы Жаңасемей ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын және «Жаңарған Жаңасемей» газетінде жариялансын.

 

Сайлау  комиссиясының төрағасы                                     Д. Асембаев

 Сайлау комиссиясының хатшысы                                      Д. Кабиева

 

 

Жаңасемей ауданының аумақтық                                

сайлау комиссиясының

2026 жылғы 08 қазандағы

№ 33 қаулысына қосымша

 

Жаңасемей ауданы маслихатының депутаттарын сайлау бойынша бірмандатты аумақтық сайлау округтерінің шекаралары

 

№ 1 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Қайнар ауылы, «С.Бегалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қайнар көшесі, 421.

Шекарасы: Алғабас, Қараөлең, Абыралы ауылдық округтері.

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: №№ 109, 110, 111.

 

№ 2 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Көкентау ауылы, «Знаменка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Бейбітшілік көшесі, 17278.

Шекарасы: Ақбұлақ, Айнабұлақ, Көкентау ауылдық округтері, Жазық ауылы, Қыземшек ауылы

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: №№ 112, 113, 114, 115.

 

№ 3 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Шақаман ауылы, «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Школьная көшесі, 2.

Шекарасы: Шаған кенті, Жиенәлі және Достық ауылдық округтері.

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: №№ 116, 117, 118.

 

№ 4 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Мұкыр ауылы, «Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Школьная көшесі, 1.

Шекарасы: Ертіс ауылдық округі, Мұкыр ауылы, Ново-Чайковка учаскесі, Мұрат ауылы, Жалпақ разъезі, 16, 22-разъездер, Крупская ауылы, «Солнечная долина» саяжай массиві, Прииртышское ауылы, Кенжебай ауылы

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: №№ 119, 120.

 

№ 5 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Шүлбі кенті, Абай облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған                Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ жанындағы «Ұлан» облыстық әскери-патриоттық және азаматтық тәрбие беру орталығы, 2-шағын аудан, 4.

Шекарасы: «Гидростроительдер» кенті, аз қабатты құрылыстар, 1-шағын аудан, № 4, 14, 15, 16, 17 тұрғын үйлер, Шүлбі кенті, Прибрежная көшесі, 1.

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: №№ 121, 149.

 

№ 6 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Шүлбі кенті, «Шүлбі жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2-шағын аудан, 16.

Шекарасы: 2-шағын аудан, № 3, 6, 11, 12, 14, 15, 21 тұрғын үйлер.

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: № 122.

 

№ 7 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Новобаженово ауылы, «Ә.Ибраев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Мир көшесі, 35.

Шекарасы: Новобаженово ауылы, Баженово ауылы.

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: № 123.

 

№ 8 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Бұлақ ауылы, «Бұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Комсомольская көшесі, 26А.

Шекарасы: Бұлақ ауылы, Клементьевка ауылы, Мұздыбай ауылы, Гранитное ауылы, Жарқын ауылы.

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: №№ 124, 125, 126, 128.

 

№ 9 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Приречное ауылы, «Приреченское жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Школьная көшесі, 4.

Шекарасы: Приречное ауылы, Шөптіғақ разъезі, Күлтөбе учаскелері, 1-разъезд.

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: № 127.

 

№ 10 сайлау округі

Округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Озерки ауылы, «Озерка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Комсомольская көшесі, 22 «А».

Шекарасы: Озерки ауылдық округі, Озерки ауылы, Каштак ауылы, Каштак орман шаруашылығы, Қаракөл ауылы, Кіші Ақтюба ауылы, Балтатарақ ауылы, Талица ауылы, Тепқашы ауылы, Половинки ауылы,

Құрамына кіретін сайлау учаскелері: №№ 129, 130.

 

Дата публикации
09 октября 2026