1.1 Жаңасемей ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі аумағында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында орналасқан жер иеленуші Сихымбаев Бейбит Абылмажиновичтің уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілген, кадастрлық нөмірі 23-252-169-066, жалпы алаңы 120,0 га жер телімі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын. Мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі жұмыстар осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 11 (он бір) ай ішінде аяқталсын.