1.1 Жаңасемей ауданы, Айнабұлақ ауылдық округі аумағында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында орналасқан жер иеленуші Готфрид Любовь Сергеевна мен Готфрид Николай Оттовичтің уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілген, кадастрлық нөмірі 23-252-169-096, жалпы алаңы 700,0 га жер телімі, кадастрлық нөмірі 23-252-169-076, жалпы алаңы 300,0 га жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылсын. Мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі жұмыстар осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 11 (он бір) ай ішінде аяқталсын.