Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округінің әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

Абай облысы

Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округінің

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2026 жылдың 19 шілдеге тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалған Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Жаңарған Жаңасемей» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                 Д. С. Асембаев

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                 Д. М. Кабиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2026  жылғы 10 маусым

№ 23

 

 

 

Дата публикации
10 июня 2026