Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округінің әкімінің сайлау жөніндегі сайлау округін құру туралы

Абай облысы

Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округінің әкімінің сайлау жөніндегі сайлау округін құру

туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-бабына, 14 бабының 6 тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жаңасемей ауданының Озерки ауылдық округінің әкімінің сайлауы бойынша сайлау округі құрылсын:

         Озерки ауылдық округі әкімінің – Озерки ауылдық округінің шекарасындағы Озерки  сайлау округі;

  1. Сайлау округінің тізімі, оның шекаралары және Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Жаңарған Жаңасемей» аудандық газетінде жариялансын.

 

 

Сайлау

комиссиясының төрағасы                                                       Д.Асембаев                         

 

Сайлау

комиссиясының хатшысы                                                       Д. Кабиева

 

 

 

 

    Семей қаласы,  

    2026 жылғы 10 маусым

    № 22

Дата публикации
10 июня 2026