Жаңасемей ауданы Ертіс ауылдық округі аумағында орналасқан жер иеленуші Уразгалиева Шолпан Болатовнаның уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығымен берілген, кадастрлық нөмірлері 23-252-148-015, 23-252-148-011 жер учаскілерінен № 1 сызбада көрсетілген координат бойынша жалпы алаңы 600,0 га жер телімі, № 2 сызбада көрсетілген координат бойынша жалпы алаңы 400,0 га жер телімі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға Жаңасемей ауданы әкімінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 187 қаулысы қабылданды.