Ауданымыздың жалпы көрсеткіштері мен білім сапасы
Бүгінгі таңда ауданымызда 17 мемлекеттік мектеп қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Биылғы оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында 2460 оқушы білім алуда. Оның ішінде үлкен өмірге қадам басқалы отырған 126 түлегіміз бар. Осы түлектеріміздің ішінен 5 оқушы «Алтын белгіге», ал 10 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр.
Білім сапасына тоқталсақ, 2024-2025 оқу жылында бұл көрсеткіш 64%-ды құраған болатын. Ендігі кезекте, алдағы PISA сияқты халықаралық зерттеулер мен ұлттық бағалауларды ескере отырып, 2025-2026 оқу жылында біз бұл көрсеткішті 66%-ға жеткізуді нақты жоспарлап отырмыз.
Қорытынды емтихандар мен ҰБТ науқаны.
Оқу жылының аяқталуы мен емтихандар кестесі нақты бекітілді. Барлық мектеп басшылары мына мерзімдерді қатаң бақылауда ұстауы тиіс:
Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңіне өтініш беру 11-25 сәуір аралығында жүрді. Негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтетінін естеріңізге саламын. Оқушыларымызға тестілеу пунктін, күнін және уақытын өздері таңдауға толық жағдай жасалған.
Тәрбие жұмысы және оқушылар қауіпсіздігі.
Оқу жылының аяқталуына орай Министрліктің №106-НҚ бұйрығы негізінде өте қатаң талаптар қойылып отыр. Мектеп бітіру іс-шараларына заңсыз ақша жинауға, мейрамханаларда немесе кафелерде кеш өткізуге, сондай-ақ көліктермен автошерулер ұйымдастыруға үзілді-кесілді тыйым салынады. Бұл мәселе тікелей менің бақылауымда болады. Барлық салтанатты шаралар тек қана мектеп қабырғасында, педагогикалық әдепті қатаң сақтай отырып өтуі міндетті.
Жалпы тәрбие жұмысымыздың алтын діңгегі – Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасы екенін ұмытпайық. Біз тек білімді ғана емес, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заң мен тәртіпті құрметтейтін тұлға тәрбиелеуге міндеттіміз.
Инфрақұрылымды дамыту және алдағы жөндеу жұмыстары
Балаларымызға жайлы әрі жылы орта қалыптастыру мақсатында биылғы жылы бюджеттен қомақты қаржы бөлінді. Нақтырақ айтсақ, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 166,5 млн теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа 8 нысан бойынша 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылады:
Әлеуметтік қолдау және балалардың жазғы демалысы.
Балаларды әлеуметтік қолдау – біздің тікелей міндетіміз. Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры арқылы биыл 186,2 млн теңге бөлінді. Бұл қаражаттың есебінен:
Жазғы демалысты ұйымдастыруға келсек, 16 маусымнан бастап Бородулиха ауданындағы «Солнечный» сауықтыру лагеріне 154 оқушымыз 3 ауысыммен барып демалады. Сонымен қатар, мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарымен 729 оқушы қамтылатын болады. Онда балалар жай ғана уақыт өткізбейді – «Эко-жаз», «Спорт» және «Шығармашылық жаз» бағыттары бойынша түрлі танымдық фото-алаңдар, кино-таймдар мен спорттық ойындар ұйымдастырылады. Осы жұмыстарға біздің 72 педагогіміз жұмылдырылып отыр.