Абай облысы
Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ
Жаңасемей ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің
әкімінің сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес, Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жаңасемей ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің әкімінің сайлауы 2026 жылдың 28 маусымына тағайындалсын.
- 2026 жылғы 28 маусымға тағайындалған Жаңасемей ауданының Ақбұлақ ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары, осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Жаңасемей ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Жаңарған Жаңасемей» аудандық газетінде жариялансын.
Сайлау
комиссиясының төрағасы Д. С. Асембаев
Сайлау
комиссиясының хатшысы Д. М. Кабиева
Семей қаласы
2026 жылғы 20 мамыр
№ 18