Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Абай облысы Жаңасемей ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ақпараты

Абай облысы Жаңасемей ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ақпараты

Өнеркәсіп

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Жаңасемей ауданы бойынша өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 117 192,6 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі (НКИ) – 111,2%. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен (78 027,3 млн теңге) салыстырғанда жоғары.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 92 530,8 млн теңгені құрады (НКИ – 104,9%). 2025 жылдың сәйкес кезеңінде – 61 739,8 млн теңге.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 24 661,8 млн теңгені құрады (НКИ – 125,1%). 2025 жылы – 11 986,0 млн теңге.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10 440,7 млн теңгені құрады (НКИ – 161,4%). 2025 жылы – 6 136,3 млн теңге.

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы бөлшек сауда айналымының көлемі 133,1 млн теңгені құрады (НКИ – 337,9%). 2025 жылы – 35,5 млн теңге.

Көтерме сауда айналымының көлемі 38,0 млн теңгені құрады. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 0,0 млн теңге болды.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 719 бірлікті құрады.

Ауыл шаруашылығы

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 12 528,5 млн теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 103,5%. 2025 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 9 597,7 млн теңге болған.

Жаңасемей ауданында:

  • жайылым жерлері – 1 112 678,8 гектар;
  • шабындықтар – 6 113,4 гектар;
  • егістік жерлер – 15 351,5 гектар.

Ауданда ауыл шаруашылығымен 505 шаруашылық айналысады. Оның ішінде:

  • мал шаруашылығы – 471;
  • өсімдік шаруашылығы – 35.

Ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары:

  • «Приречное Агрофирмасы» ЖШС;
  • «Қайнар-Агро» шаруа қожалығы;
  • «Жерновское» ЖШС.

Өсімдік шаруашылығы

2026 жылы:

  • дәнді дақылдар – 959 гектар;
  • оның ішінде арпа – 300 гектар;
  • дәндік жүгері – 659 гектар;
  • майлы дақылдар – 7 585 гектар;
  • көкөніс және бақша дақылдары – 369 гектар;
  • мал азықтық дақылдар – 4 690 гектар;
  • картоп – 1 274 гектар егілді.

Жалпы егіс алқабы 14 880 гектарды құрады.

2026 жылы машина-трактор паркін жаңарту мақсатында 14 бірлік техника сатып алынды. Оның ішінде 9 трактор және 5 ауыл шаруашылығы техникасы.

Мал шаруашылығы

2026 жылғы жағдай бойынша:

  • ірі қара мал – 92 856 бас (2025 жылы – 85 974 бас);
  • қой мен ешкі – 113 652 бас (2025 жылы – 118 662 бас);
  • жылқы – 100 038 бас (2025 жылы – 89 674 бас);
  • құс – 732 447 бас (2025 жылы – 549 666 бас).

Өнім өндіру

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында:

  • ет – 5 497,8 тонна (2025 жылы – 5 195,4 тонна);
  • сүт – 8 122,0 тонна (2025 жылы – 8 032,8 тонна);
  • жұмыртқа – 1 369,5 мың дана (2025 жылы – 2 798,3 мың дана).

Асыл тұқымды мал шаруашылығы

Ауданда:

  • 7 900 бас асыл тұқымды ірі қара мал (ангус, әулиекөл және қазақтың ақбас тұқымдары) өсірілуде. Бұл бағытта 34 шаруашылық жұмыс істейді;
  • 9 200 бас асыл тұқымды қой өсіретін 15 шаруашылық бар;
  • қазақтың жабы тұқымындағы 1 233 бас асыл тұқымды жылқы өсіретін 7 шаруашылық жұмыс істейді.

Агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында агроөнеркәсіптік кешенге тартылған инвестициялар көлемі 2 572,4 млн теңгені құрады.

Документы
Ақпарат
13 марта 2026
Жаңасемей ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша 2025 жылдың қортындысы және 2026 жылға берілген жоспар-тапсырма
Ақпарат
13 ноября 2025
Жаңасемей ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 9 айдың қортындысы бойынша ақпарат
Есеп
12 ноября 2025
Бөлімнің мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы 9 айлық есебі
Новости
Полезные материалы
Жаңасемей ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 9 айдың қортындысы бойынша ақпарат
Жанасемей ауданы бойынша жүзеге асырылып жатқан жеке инвестициялық жобалар
Ауыл шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы