Жаңасемей ауданындағы білім беру саласының дамуы: жетістіктері, сапасы және жоспарлары. Жаңасемей ауданының жалпы көрсеткіштері және білім беру сапасы.
Жаңасемей ауданының білім бөлімі 2025–2026 оқу жылының қорытындыларын шығарды
Жаңасемей ауданының білім беру жүйесінің қызметі білім сапасын арттыруға, білім алушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге және балалардың жан-жақты дамуына қауіпсіз жағдай жасауға бағытталды.
- Білім сапасын талдау және қорытынды аттестаттау
2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептеріндегі білім сапасының көрсеткіші 67%-ды құрады.
Қорытынды аттестаттау мен мемлекеттік емтихандар бекітілген жоспарға сәйкес ұйымдастырылып өткізілді.
Оқу жылының қорытындысы бойынша ауданның үздік білім беру ұйымдары:
- «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Біржан Исаділов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
- «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.
- ҰБТ нәтижелері
Биылғы оқу жылында аудан түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтижелер көрсетті.
- Бүгінгі таңда аудан бойынша 126 түлектің 110-ы ҰБТ тапсыруды аяқтады.
- Қалған 16 түлек тестілеуді 2026 жылғы 10 шілдеде аяқтайды.
- Қазіргі уақыттағы ең жоғары нәтиже – 122 балл. Бұл көрсеткішті «Бөкенші жалпы орта білім беретін мектебі» КММ түлегі Шаған Медина Асқарқызы иеленді.
- Оқушыларды әлеуметтік қолдау
Жалпыға бірдей міндетті білім беру қоры аясында биыл 186,2 млн теңге бөлінді.
Осы қаражат есебінен:
- 1261 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды;
- 477 балаға мектеп формасы мен киім сатып алуға әрқайсысына 50 851 теңгеден қаржы қарастырылды.
- Инфрақұрылымды дамыту және жөндеу жұмыстары
Балалардың жайлы әрі жылы жағдайда білім алуын қамтамасыз ету мақсатында биыл білім беру нысандарын ағымдағы жөндеуге бюджеттен 170 млн 379 мың теңге бөлінді.
Жалпы құны 119 млн 500 мың теңгені құрайтын 5 білім беру нысанында 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда:
- Бөкенші ЖОББМ (100%) – радиатор қаптамаларын жөндеу (445 мың теңге) және фойенің төбесін жөндеу (520 мың теңге).
- Приречный ЖОББМ (жалпы құны – 52 млн 117 мың теңге):
- жылу жүйесі – 97% (31 млн 593 мың теңге);
- ішкі әрлеу жұмыстары – 50% (8 млн 800 мың теңге);
- асхана, шеберхана және спортзал шатыры – 95% (11 млн 724 мың теңге).
- Знаменка ЖОББМ (жалпы құны – 36 млн теңге):
- жылу жүйесі – 95% (13 млн 600 мың теңге);
- іргетас бөлігі мен соқыр алаңды жөндеу – 100% (22 млн 400 мың теңге).
- Жарқын ЖОББМ (100%) – шатырды жөндеу (2 млн 77 мың теңге), қазандық жабдықтарын жөндеу (1 млн 557 мың теңге және 12 млн 698 мың теңге).
- А. Ибраев атындағы ЖОББМ (100%) – қазандықты жөндеу (14 млн 86 мың теңге).
- Жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру
Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру тұрақты бақылауда.
- «Жазғы кемпинг» – 2026 жылғы 8 маусымда облыстық «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен ауданның 150 оқушысының қатысуымен іс-шара өткізілді.
- «Солнечный» лагері (Бородулиха ауданы) – 154 оқушы үш маусым бойынша демалуда. Қазіргі уақытта балалар екінші маусымдағы демалысын аяқтауда. Үшінші маусым 28 шілде – 6 тамыз аралығында өтеді.
- «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы (Қонаев қаласы) – 14 оқушы 23 маусым мен 13 шілде аралығында демалуда.
- Мектеп жанындағы лагерьлер – барлығы 807 оқушы қамтылды.
Мектеп жанындағы лагерьлерде танымдық әрі сауықтыру бағытындағы мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ашық аспан астындағы фотоплощадка» жобасы аясында орманға жорықтар, қалаға жақын орналасқан ауыл мектептері үшін «Кино-time» кино көрсетілімдері өткізілді. Сонымен қатар «Экспонаттар сыр шертеді» атты өлкетану күндері, «Сиқырлы кітап беттерінің құпиялары» атты әдеби саяхаттар ұйымдастырылды. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында шығармашылық кештер, спорттық ойындар және логикалық ойлауды дамытуға бағытталған «IQ-Жаз» білім беру алаңының жұмысы жүргізілді.
Қорытынды
Жаңасемей ауданының білім бөлімі білім сапасын арттыру, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, оқушыларды әлеуметтік қолдау және балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Білім сапасына мониторинг жүргізу және жазғы демалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.