Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Құрылыс

Құрылыс.

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау, халықты    100% ауызсумен қамтамасыз ету және 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Талица ауылында су құбырының құрылысы жүргізілді. Талица ауылында оған дейін ауыз су болған жоқ.

Жобаны іске асыру бойынша келісімшарт 2025 жылғы 10 қыркүйекте «GLOBAL CONSTRUCTION» ЖШС мердігер ұйымымен жасалды.

Аталған ауылда 98 абоненттін 59 абонентіне су тартылды, су желісінің ұзындығы – 9,5 ш.қ., 104 су құдығы және 23 өрт гидранты орнатылды. Сыйымдылығы 60м3  болатын 2 су қоймасы орнатылған. Нысан 2025 жылдың қыркүйек айында құрылыс жұмыстары басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталды. Пайдалануға беру актсі 2026 жылдың 2 наурызында жасалды.

Нысанның ашылуы облыс әкімінің 2026 жылдың 23 мамырында  Жаңасемей ауданына жасаған іс-сапарында жүзеге асырылды. Бүгінгі күні су желісі толығымен пайдалануға беріліп,  ауыл тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді.Атап айтқанда, Приречный ауылында су құбырын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Келісімшарт мердігерлік тараппен 2025 жылдың 10 қыркүйегінде  жасалды. Мердігер – «ПРОФАЛЬЯНС СЕРВИС» ЖШС. Келісімшарт бойынша нысан 2026 жылға өтпелі болып табылады. 2025 жылы 2 200 метр ұзындықта жер қазу жұмыстары жүргізіліп, диаметрі 110 мм болатын 2 200 метр су құбыры тартылды.

2026 жылы нысан басында 308 дана құдық, 1,3 шқ су құбыры жеткізілді. Құрылыс алаңында 1 бірлік манипулятор техникасы және 9 жұмысшы жұмылдырылған және су желісінің құбыры  ауыл ішіне кіргізіліп 10 дана құдық орнатылды. Нысанның құрылысы тұрақты бақылауда.

Шақаман ауылындағы қолданыстағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жобасы бойынша бүгінгі күні облыс әкімінің  Шақаман ауылына               іс – сапарына сәйкес аталған жобаға 2026 қаржы карастыру мақсатында                2023 жылы қайтарылған орындалмаған қаржыны облыстық кезекті маслихат сессиясында қарастыру жоспарланды. Бүгінгі күні тиісті басқармаға бюджеттік өтінім өткізу жұмыстары жүргізілуде.

2026 жылы халықты жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жалпы ауданы 1300,0 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұдан бөлек, «Қолжетімді интернет» бағдарламасы аясында                         2026 жылы Жаңасемей ауданының Талица, Каштак және Гранитный ауылдарында антенна-діңгекті құрылыстар орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта аталған нысандар бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржы қарастырылды.

Атап айтқанда:

Талица ауылында биіктігі 25 метр, Каштак ауылында биіктігі 25 метр, Гранитный ауылында биіктігі 30 метр болатын антенна-діңгекті құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «СТИК STAR» ЖШС.

Аудан аумағында 2026 жылы 14 медициналық нысан салу жоспарлануда. Атап айтқанда, Шүлбі кентінде, Новобаженова, Шақаман, Озерки, Ақбұлақ, Бөкенші, Жарқын, Мұқыр, Прииртышское, Мұздыбай, Половинки, Қаракөл ауылдарында, сондай-ақ Шаған кенті мен Шоптығақ станциясында медициналық нысандардың құрылысы жоспарланған.

Қазіргі уақытта аталған нысандар бойынша сыртқы электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және кәріз желілерін орнату жобасын жасау мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, жобалаушы мердігерлік тарап  "ОЛЖАПРОЕКТ" ЖШС мен келісім шарт жасалып, бүгінгі күні жоба сараптаманың оң қортындысын алуға ұсынылды.

2026 жылы Каштак және Бұлақ ауылдарына балалар ойын алаңының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Документы
Ақпарат
10 июля 2026
Жаңасемей ауданының әкімдігі
Құрылыс саласындағы атқарылған жұмыстар
Жоба
22 июня 2026
Жоба
Түсіндірме жазба
22 июня 2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
Түсіндірме жазба
Новости
Полезные материалы
Құрылыс
Құрылыс саласы
Инфрақұрылым, құрылыс және сәулет: ағымдағы жұмыстар мен мемлекеттік қызметтер
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы