Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Көркейту және ТКШ

Жол саласы

«Мұздыбай ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолының 0–3 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары» жүргізілуде. Мердігер ұйым – «Өскеменспецкоммунтранс» ЖШС.

2025 жылы ескі жол жабыны толықтай алынып, 1,8 шақырым жолға асфальт-бетон жабыны төселді. Аталған жоба 2026 жылға өтпелі нысан ретінде белгіленіп, 2026 жылға  жөндеу жұмыстарын жалғастыру үшін облыстық басқарма тарапынан бөлініп. Бүгінгі күні 3 шақырым кіреберіс жолға толықтай асфальт-бетон жабыны төселіп, жол жиектерін ретке келтіру, тегістеу және жол жабындысын ақ жолақпен сызу жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін нысан белгіленген тәртіппен қабылданатын болады.

         Сонымен қатар, аудандық маршруттық қызмет сапасын іске асыру мақсатыныда «Семей-Талица-Тепкашы-Половинки-Каштак-Озерки-Семей-Мұқыр» бағыты бойынша 7 елді мекенді қамтитын маршрут халыққа қызмет көрсетуде.

Абаттандыру Таза Қазақсатан

Мемлекет басшысының бастамасымен 2024 жылдан бастап республика аумағында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және халықты экологиялық мәселелерді шешуге белсенді тартуға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы іске асырылуда.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 4 сәуірінен бастап елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша 13 сенбілік ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында:

  • 8722 адам қатысты
  • 1765 аула тазартылды, оның ішінде: жеке тұрғын үйлер – 1722, көпқабатты үйлер – 35;
  • 68 көше;
  • 20 тарихи-мәдени ескерткіш пен 22 саябақ
  • 50 әлеуметтік нысан (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелері) қамтылып, тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді;
  • 147 ұйым мен 107 бірлік мамандандырылған техника тартылды;
  • 690,8 тонна қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) арнайы полигондарға шығарылды;
  • 2515 ағаш-бұта отырғызылды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында 2026 жылы 4 шілдеде елді мекендердің аумақтарын тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке 410 тұрғын қатысты. Іс-шара барысында
17 аула тазартылды, оның ішінде 12 жеке тұрғын үй мен
5 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы қамтылды. Сондай-ақ
4 әлеуметтік нысанда (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау мекемелері) тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстарға 12 ұйым және 4 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 7 тонна қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.

 

2024–2026 жылдарға арналған елді мекендерді көгалдандырудың өңірлік жоспары аясында 2026 жылы аудан аумағында 1 500 ағаш-бұта көшеттерін отырғызу жоспары берілді, оның ішінде: көктемгі кезеңде - 945 дана, күзгі кезеңде - 555 дана.

Аудан аумағында 2515 ағаш-бұта отырғызылды, оның ішінде: қайың-120, пирамидалы терек-1212, шырша-79, қарағай- 153, қара ағаш-230, шынар-368, үйеңкі-25, шаған ағашы-215, бұталар-113. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі, фотосуреттер мен бейнематериалдар Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсынылды.

 

Сонымен қатар, аудан әкімдігінің 2026 жылғы 27 наурыздағы
№ 84 қаулысына сәйкес «2026 жылғы тазалық акциясы аясында «Үздік ауыл» байқауын өткізу туралы» аудандық комиссия құрылып, конкурсты бағалау критерийлері мен елді мекендерді аралау кестесі бекітілді. Бекітілген кестеге сәйкес 2026 жылғы
9–11 маусым аралығында аудандық комиссия мүшелері Алғабас, Қалаөлең, Абралы, Ақбұлақ, Айнабұлақ ауылдық округтерін және Шаған кентін аралап, мониторинг жасады. Қалған ауылдық округтер мен кенттерді аралау алдағы күндерде жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі уақытта 2026 жылы бейнебақылау камерасы бойынша:

  Жиенәлі ауылдық округінде 4 бейнебақылау камерасы орнатылды Оның ішінде 1 бейнебақылау камерасы қоғамдық орын болып табылатын аялдамаға, 1 бейнебақылау камерасы ауылға кіреберіс жолында,
2 бейнебақылау камерасы заңсыз қоқыс тастау орындарына.

  Достық ауылдық округінде 3 дана бейнебақылау камерасы орнатылды. Оның ішінде 2 бейнебақылау камерасы қоғамдық орын болып табылатын аялдамаға, 1 бейнебақылау камерасы заңсыз қоқыс тастау орынына орнатылды.

  Новобаженово ауылдық округінде 3 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 2 бейнебақылау камерасы заңсыз қоқыс тастау орындарына, 1 бейнебақылау камерасы ауылдық округі әкімдігі ғимаратының аумағына орнатылған.

  Озерки ауылдық округінде 5 бейнебақылау камерасы орнату жоспарланған. Оның ішінде 2 бейнебақылау камерасы заңсыз қоқыс тастау орындарына, Озерки ауылына кіреберіс және ауылдан шығар жолдарда 2 бейнебақылау камера, балалар ойын алаңында 1 бейнебақылау камера.

  Ертіс ауылдық округінде заңсыз қоқыс тастау орындарын бақылау мақсатында 4 бейнебақылау камерасы орнатылды.

2026 жылы «Қоқыс тастауға тыйым салынады»
9 тақтайшалар орнатылды, оның ішінде: Көкентау ауылдық округінде 2 тақтайша, Ертіс ауылдық округінде 3 тақтайша, Озерка ауылдық округінде 4 тақтайша.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, 2026 жылы Жаңасемей ауданы аумағында
37 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Оның ішінде:

  • жер учаскесіне актісі бар – 16;
  • жойылғаны – 16;
  • жер учаскелеріне акт рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде – 5;

Атап айтқанда:

1) Ертіс ауылдық округінде – 22, оның ішінде:

- Мұқыр ауылы – 15, оның ішінде: жер учаскесіне актісі бар – 4; жойылғаны – 11;

- Прииртышское ауылы – 7, оның ішінде: жер учаскесіне актісі бар – 4; жойылғаны – 3;

2) Жиенәлі ауылдық округінде – 1, оның ішінде:

- Бөкенші ауылы – 1, жер учаскесіне актісі бар.

3) Новобаженов ауылдық округінде – 2, оның ішінде:

- Бұлақ ауылы – 2, жер учаскесіне актісі бар.

4) Достық ауылдық округінде – 3, оның ішінде:

- Шақаман ауылы – 3, жер учаскесіне акт рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

5) Озерки ауылдық округінде – 4, оның ішінде:

- Озерки ауылы – 2, жер учаскесіне актісі бар – 2;

- Қаракөл ауылы – 1, жер учаскесіне акт рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде;

- Половинки ауылы – 1, жер учаскесіне акт рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

6) Приречный ауылдық округінде – 5, оның ішінде:

- Приречное ауылы – 3, оның ішінде: жер учаскесіне актісі бар – 1; жойылғаны – 2;

- Мұздыбай ауылы – 1, жер учаскесіне актісі бар.

- Жарқын ауылы – 1, жер учаскесіне актісі бар.

 

Документы
Жоба
22 июня 2026
Жоба
Түсіндірме жазба
22 июня 2026
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
Түсіндірме жазба
Ақпарат
19 мая 2026
Жаңасемей ауданы инфрақұрылымын дамытудың қорытындылары мен жоспарлары: абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Новости
Полезные материалы
Көркейту және ТКШ
Жаңасемей ауданы инфрақұрылымын дамытудың қорытындылары мен жоспарлары: абаттандыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Жаңасемей ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 9 айдағы жұмыс қорытындысы туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Тұрғын үйді қалай алуға болады?

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – заң) 67-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 74-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған, осы елді мекенде тұрақты тұратын және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға өтініш берілген сәттен бастап тізімдерде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі. Аталған тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан осы тізімге енгізілгендердің басқалардың алдында тұрғын үй алуға ешкімнің басым құқығы жоқ.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы