«Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2025 жылғы 24 мамырдан бастап тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, есеп жүргізу және тұрғын үй бөлу функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға берілді. Жаңасемей ауданы бойынша 2023–2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2024-2026 жылдары әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға:
2024-2025 жылы 48 пәтер сатып алынды, Шүлбі кентінде 60 пәтерлі тұрғын үйге реконструкция жүргізілді және Семей қаласының коммуналдық меншігінен 2 пәтер берілді.
Ауданның жалпы тұрғын үй қоры 110 пәтерді қамтиды, жалпы ауданы 8 187,1 шаршы метр:
2024 жылы жергілікті атқарушы органмен 16 пәтердің кілті табысталды,
2025 жылы 29 пәтер табысталды,
2025 жыл соңында Отбасы Банк тарапынан 3 пәтер табысталды.
2026 жылы Отбасы Банк тарапынан 11 пәтер кілті табысталды.
Жиыны 70 пәтердің кілті табысталды,
Приречное ауылы -9 пәтер табысталды.
Шақаман ауылы - 6 пәтер табысталды .
Мұқыр ауылы – 9 пәтер табысталды .
Шүлбі кенті -43 пәтер табысталды.
Озерка ауылы -3 пәтер табысталды.
Бүгінгі күні қалған 40 пәтер Отбасы Банк тарапынан бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Озерка ауылы – 1 пәтер
Бөкенші ауылы – 4 пәтер
Көкентау ауылы – 2 пәтер
Алғабас ауылы 2 пәтер
Приречный ауылы – 1 пәтер
Мұқыр ауылы – 3 пәтер
Шақаман ауылы – 6 пәтер
Шүлбі кенті – 17 пәтер
Новабаженова ауылы – 4 пәтер Отбасы Банк тарапынан бөлу жұмыстары жүргізілуде.
2026 жылға 2 пәтерлі 10 тұрғын үй салу жоспарлануда. Аталған тұрғын үйлер
Достық ауылдық округі Шақаман ауылы 2 пәтерлі 4 тұрғын үй, Ертіс ауылдық округі Мұқыр ауылы 2 пәтерлі 4 тұрғын үй,
Прииртыш ауылында 2 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.
Жаңасемей ауданында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде бүгінгі күні шамамен 458 тұрғын тіркелген.