Мәдениет және тілдерді дамыту
Жаңасемей ауданы бойынша аталған мерекелік күндерді ұйымдастыру және өткізу іс-шаралары жоспар бойынша өтеді.
2026 жылдың 1- жартыжылдығында мерекелерге қатысты мәдениет үйілері және кітапханалардың ұйымдастыруымен 310 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтті, оның ішінде конкурстар мен фестивальдар, концерттік бағдарламалар, тақырыптық көрмелер өткізілді. Қамтылған адам саны 3200.
Жастар мен еріктілердің қатысуымен:
•«Жақсылық жасап жарысайық»,
Кітапханалар мен мәдениет мекемелерінде:
Ауылдық клубтарда «Ел іші – өнер кеніші», «Көркемөнерпаздар байқауы» тақырыптарында түрлі мәдени-тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар Шүлбі кентінде, Новобаженово және Приречный ауылдарында Масленица мерекесі және басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылды.
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай мәдени-тәрбиелік, қайырымдылық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мереке аясында «Алғыс батасы» атты акция өткізіліп, ауыл жастары мен тұрғындар қарт адамдарға көмек көрсетіп, құрмет білдірді. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде «Кімге алғыс айтар едіңіз?» және «Бұл әлемді әдемі ету үшін, жақсы сөздер айтыңыз» атты челлендждер өтіп, дәрігерлерге, ұстаздарға және түрлі сала қызметкерлеріне алғыс айтылды.
«Қарғыс алма, алғыс ал» және «Жылы жүректен» атты қайырымдылық акциялары ұйымдастырылып, мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді. Білім беру мекемелерінде «Алғысым шексіз» атты танымдық сабақтар, мәдениет үйлерінде «Алғыс айту – парызым» атты концерттер өтті. Кітапханаларда «Бейбіт елдің берекесі – бірлікте» атты дөңгелек үстел мен «Алғыс айту – парызымыз» атты шаралар ұйымдастырылды.
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Жаңасемей ауданы бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар өтті.
6 наурыз күні салтанатты жиынмен мерекелік концерт өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аялы алақанның ақ шуағы» атты ана мен қыздың қатысуымен танымдық әрі тәрбиелік мәні зор сайыс ұйымдастырылды.
Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мейрамы барлық ауылдық округтер мен кенттерде аталып өтті.
Шақаман ауылдық клуб үйінде «Этносаралық келісім және қоғамдық тұрақтылық», «Қазақстандағы ұлтаралық татулық мәдениеті», «Көпэтносты қоғамдағы бейбітшілік пен бірлік» тақырыптарында дөңгелек үстел өтті.
Мұқыр ауылының кітапханасында "Этносаралық келісім және қоғамдық тұрақтылық" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлері және олардың қоғамдағы орны туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ Қазақстандағы бейбітшілік пен келісім саясатының ерекшеліктері, этносаралық татулықтың ел дамуы мен бірлігін сақтаудағы рөлі жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Шүлбі кентінде мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың ерекше ықыласына бөленді. Іс-шараның басты мақсаты – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын нығайту, олардың салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау болды. Мереке аясында әр ұлттың ұлттық тағамдары таныстырылып, салт-дәстүрлерін дәріптейтін көрмелер мен қызықты байқаулар ұйымдастырылды.
Жаңасемей ауданында Отан қорғаушылар күніне орай «Батырлар рухы – мәңгілік» атты аудандық мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шараның мақсаты – ел тыныштығы мен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген азаматтарға құрмет көрсету, өскелең ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру.
Салтанатты жиын барысында ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шара кезінде олардың өз ісіне деген жауапкершілігі мен адал еңбегі ерекше атап өтілді.
Іс-шараның ресми бөлімінен кейін аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Жаңасемей ауданының Новобаженово ауылында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында соғыс жылдарында ерлік көрсеткен батырлар рухына тағзым жасалып, майдангерлер мен тыл ардагерлерінің ерен еңбегі құрметпен еске алынды. Ауыл тұрғындары, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен жастар ескерткіш маңына гүл шоқтарын қойып, Отан үшін жанын қиған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Мерекелік шарада патриоттық әндер шырқалып, жас ұрпаққа отансүйгіштік рухты насихаттайтын тағылымды бағдарламалар ұйымдастырылды.
Шақаман ауылдық клуб үйінде «Этносаралық келісім және қоғамдық тұрақтылық», «Қазақстандағы ұлтаралық татулық мәдениеті», «Көпэтносты қоғамдағы бейбітшілік пен бірлік» тақырыптарында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, ұлттар арасындағы достық пен өзара сыйластықты дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, еліміздегі бейбітшілік пен бірліктің маңызы айтылып, жастарды толеранттылыққа, патриоттық рухқа және қоғамдық келісімді сақтауға шақыратын пікірлер ортаға салынды. Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ұсыныстарымен бөлісті.