Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жүргізген жұмысы туралы АҚПАРАТ

Аудан аумағында техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта арнаулы білім беру ұйымдары жоқ.

Абай облысы Жаңасемей ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрамында 11 жаттықтырушы жұмыс істейді. Мекеменің жалпы штат саны – 24 адам. Мұнда дзюдо, бокс, қазақ күресі, волейбол, футбол және басқа да спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Қайнар ауылында Облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қарауындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жұмыс істейді.

Шүлбі кентінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының теңгеріміндегі спорт кешені пайдалануға берілген. Қазіргі уақытта аталған нысан күрделі жөндеуді қажет етеді.

Ақбұлақ ауылында типтік жоба бойынша салынған спорт залы жұмыс істейді. Онда футбол және үстел теннисі бойынша тұрақты түрде жаттығулар мен жарыстар өткізіледі.

Аудан мектептерінде дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында 16 спорт залы жұмыс істейді. 36 дене шынықтыру пәнінің мұғалімі еңбек етеді. Жалпы оқушылар саны – 2482.

Елді мекендердегі шағын футбол алаңдарында бұқаралық спорттық ойындар мен түрлі жарыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Мектептерде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол және басқа да спорт түрлері бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Ауданда 8 мыңнан астам тұрғын белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстануға тартылған.

2026 жылдың басынан бері барлығы 43 спорттық іс-шара өткізілді. Оның ішінде Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорт ойындары – дойбы, бәйге, көкпар, арқан тарту, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ және басқа да жарыстар ұйымдастырылды.

Ауылдық округтер мен кенттерде футбол, баскетбол, волейбол, гір спорты, армрестлинг, жеңіл атлетика және өзге де спорт түрлері бойынша жарыстар өткізілді.

Шүлбі кентіндегі спорт кешенінде жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық волейбол турнирі ұйымдастырылды.

Қайнар ауылында жастар арасында бейбітшілік пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Терроризмге қарсы спорт» ұранымен волейбол жарысы өткізілді.

Абай облысы Жаңасемей ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі базасында 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында кубок турнирі өтті.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауыл тұрғындары арасында жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастырылды.

2026 жылдың мамыр айында Абай облысының Мұқыр ауылы маңында еліміздің үздік экипаждарының қатысуымен «Мұқыр Трофи – 2026» республикалық трофи-рейд чемпионаты өтті. Іс-шараға шамамен 3000 адам қамтылды. Сонымен қатар 18–35 жас аралығындағы жастар арасында «ЖАҢАСЕМЕЙ БАРЫСЫ – 2026» аудандық қазақ күресі турнирі өткізілді.

Алғабас және Новобаженово ауылдарында үстел теннисі, арқан тарту, асық ату, гір спорты, армрестлинг және тоғызқұмалақ бойынша жарыстар өтті. Мұқыр ауылы мен Шүлбі кентінде жастар арасында футбол турнирлері ұйымдастырылды. Приречный ауылында мектеп оқушылары арасында дзюдодан облыстық ашық турнир өткізілді.

Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Документы
Ақпарат
07 января 2026
Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 12 ай қорытындысы
Ақпарат
13 ноября 2025
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ
Құжат
26 июня 2025
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру бойынша конкурстың басталғаны туралы
Новости
Полезные материалы
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Жаңасемей ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі жүргізген жұмысы туралы АҚПАРАТ
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің 2025 жылда атқарылған жұмысы туралы АҚПАРАТ
Спорт бөлімінің 2025 жылдың 9 айында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы